Жағымсыз әдеттерден құтылудың ТОП-5 әдісі

Автор: редактор 01 Мамыр, 2023


Сөзіңді түзе – әдетіңе айналады,
Әдетің – мінезіңе айналады.
Мінезің – сенің тағдырың.

📌 Шәкәрім Құдайбердіұлының дәл осы нақыл сөзі бүгінгі тақырыпқа арқау болып тұр. Себебі біздің бүгінгі іс-әрекетіміз ертеңгі күні қандай адам болатынымыздың айқын көрінісі. Сол үшін күнделікті әдеттерімізді бақылауға алу өте маңызды. Ендеше біз ұсынған кеңеске назар аудар.

1️⃣ Өз қателігіңді мойындап үйрен. Егер жаман әдетіңнен расымен арылғың келсе, шындыққа бетпе-бет қарауың керек. Себебі мойындау арқылы онымен күресе аласың. ✔️

2️⃣ Ниет етіп, әрекет етудің нақты бір жоспарын құр. Нақты әрекеттердің тізімін жазып, өзіңді жақсарту үшін не жасауың керек екенін жаз. Сонымен қатар осы мәселені шешу үшін нақты уақытын белгіле.

🔺 Осы тұста «Егер сен жоспар құрмасаң, сәтсіздікті жоспарлайтын боласың» деген нақыл сөзді есіңнен шығарма.

3️⃣ Жаман әдеттердің орнын әлдебір пайдалы әрі дұрыс нәрсемен алмастыруға тырыс. Есіңде болсын, жаман әдеттермен күрес анағұрлым сәтті болады.

➿ Көп жағдайда жағымды эмоция мен жақсы әсердің жетіспеуінен жаман әдеттер пайда болады.
Мысалы, әлеуметтік желіде өткізетін уақытты пайдалы кітап оқумен немесе спортпен айналысумен алмастыр.

4️⃣ Сені жаман әдетке алып келетін үйреншікті дағдылардан бойыңды аулақ ұста. Мәселен, егер сен ақшаны тез жұмсап тастауға әуес болсаң, оны бірден сенімді адамға беріп қоюға тырыс.

5️⃣ Араласатын ортаңды ауыстыр. Себебі жаман орта әсерінен жаман әдеттер пайда болып жатады.

⚪️ Өз ортаңда сені жаман әрі дұрыс емес әрекеттерге итермелейтін достарың мен ескі тамырлардан бас тарту керек. Мұндай жандардан аулақ жүруге тырыс.