Жаман әдеттерден қалай бас тартамыз? – Нәтижеге жеткізетін 5 әдіс

Автор: редактор 30 Сәуір, 2024


Жаман әдеттерден қалай бас тартамыз? – Нәтижеге жеткізетін 5 әдіс

Сөзіңді түзе – әдетіңе айналады,
Әдетің – мінезіңе айналады.
Мінезің – сенің тағдырың.

📌 Шәкәрім Құдайбердіұлының дәл осы нақыл сөзі бүгінгі тақырыпқа арқау болып тұр. Себебі біздің бүгінгі іс-әрекетіміз ертеңгі күні қандай адам болатынымыздың айқын көрінісі. Сол үшін күнделікті әдеттерімізді бақылауға алу өте маңызды. Ендеше біз ұсынған кеңеске назар аудар.

1️⃣ Өз қателігіңді мойындап үйрен. Егер жаман әдетіңнен расымен арылғың келсе, шындыққа бетпе-бет қарауың керек. Себебі мойындау арқылы онымен күресе аласың. ✔️

2️⃣ Ниет етіп, әрекет етудің нақты бір жоспарын құр. Нақты әрекеттердің тізімін жазып, өзіңді жақсарту үшін не жасауың керек екенін жаз. Сонымен қатар осы мәселені шешу үшін нақты уақытын белгіле.

🔺 Осы тұста «Егер сен жоспар құрмасаң, сәтсіздікті жоспарлайтын боласың» деген нақыл сөзді есіңнен шығарма.

3️⃣ Жаман әдеттердің орнын әлдебір пайдалы әрі дұрыс нәрсемен алмастыруға тырыс. Есіңде болсын, жаман әдеттермен күрес анағұрлым сәтті болады.

➿ Көп жағдайда жағымды эмоция мен жақсы әсердің жетіспеуінен жаман әдеттер пайда болады.
Мысалы, әлеуметтік желіде өткізетін уақытты пайдалы кітап оқумен немесе спортпен айналысумен алмастыр.

4️⃣ Сені жаман әдетке алып келетін үйреншікті дағдылардан бойыңды аулақ ұста. Мәселен, егер сен ақшаны тез жұмсап тастауға әуес болсаң, оны бірден сенімді адамға беріп қоюға тырыс.

5️⃣ Араласатын ортаңды ауыстыр. Себебі жаман орта әсерінен жаман әдеттер пайда болып жатады.

⚪️ Өз ортаңда сені жаман әрі дұрыс емес әрекеттерге итермелейтін достарың мен ескі тамырлардан бас тарту керек. Мұндай жандардан аулақ жүруге тырыс.

Өмір салтының өзгеруі – адамдар мен оқиғалардың әрекетіне жаңа серпін береді. Сондықтан ішкі дауысыңызды тыңдаңыз және шұғыл мәселелерді шешуді кейінге қалдырмаңыз.

Ал жаңа әдетті серік ету үшін нені ескерген жөн? Оның шешімі қандай? Біздің кеңеске көз жүгіртіңіз.

📚 Кітап оқуды жаныңызға серік етіңіз. Кітап оқу арқылы сіз жаңа әлемнің есігін ашасыз. Сәйкесінше ойлау қабілетіңіз артады. Мейлі көркем әдеби, мейлі ғылыми кітап болсын оқуды әдетке айналдырыңыз. Ең маңыздысы оқыған ақпаратты өмірде кәдеге жарату.

💻 Жаңа технологиялар туралы біліңіз. Заманауи технологиялар кез келген сұрақтың жауабын шешуге көмектесіп, кез келген тығырықтан шығуға көмектеседі. Сондықтан жаңа технологиялар жайлы біле жүріңіз. Сіздің рухани тән саулығыңыздың кепілі.

🧘🏻‍♀️ Медитация жасаңыз. Белгілі бір уақыт аралығында медитация жасауды әдетке айналдырыңыз. Бұл жаныңыз бен ойыңызды тазартатын рухани жаттығу. Егер күнделікті жасауға мүмкіндік болмаса, жексенбі күні 1-2 сағатыңызды медитацияға арнаңыз. Медитацияны тыныш жерде жасаңыз. Бұл уақытта сізді ешкім мазаламауы тиіс. Медитацияның көмегімен ашу-ызаны басқаруды үйреніп, өз сезімдеріңізді бақылауға аласыз.