Жапон халқының ақша жинау құпиясы
Жапондардың да қаражатты басқарып, ақша жинауда ұстанатын өз әдістері бар. Солардың бірі — «Kakebo». Бұл үй қаражатын үнемдеуді білдіретін үш иероглиф. Қаржы жүйесін жапон азаматы Мотоко Ханидің ойлап тапқан. Нақтырақ айтсақ, аталмыш әдісті қолдану арқылы сіз аз мөлшерде, бірақ тұрақты қаражат үнемдеуді үйренесіз.
🔍 Kakebo әдісі қалай жүзеге асады?
Ол үшін үлкен және кішкентай екі дәптер қажет. Үлкеніне кірістерді жазып, шығындар мен жинақтарды жоспарлайсыз. Ал шығындарды жазуды ұмытпас үшін кішкентай дәптерді өзіңізбен алып жүресіз.
✍🏻Шығынды қалай жазамыз?
Ақша жұмсаған сайын шығынды жазып отырасыз.
Бір айлық кіріс жоспарын кесте не баған түрінде жазасыз. Айдың басында жоспарланған кірісті тізіп шығыңыз: жалақы, қарыз, сыйақы. Қажет кезде кесте мен бағанды түзете алатындай болуымыз керек. Түзетілген жерді түрлі-түсті қаламмен жазуға болады.
Бір айлық үнемдеу жоспарын былай жасайсыз. Қанша ақша жинағыңыз келеді, соны жазасыз. Шығынды жоспарлайсыз. Содан соң нақты жинау керек қаржыны көрсетесіз.
Бір айлық шығындар жоспарына шығындардың барлығын енгізіңіз. Мысалы, коммуналдық төлемдер, жалға алған пәтер ақысы, бірлікке қажетті ақша, несие, т. б.
Жоспарда бекітілген бойынша артық қалған ақшаны бірнеше сатыға бөліңіз.
Тұрмыстық шығын: азық-түлік, киім, үй тазалау құралдары.
Білім алу шығыны: тренинг, ағылшын курсы, кітап сатып алу.
Ойын-сауық: кинотеатрға бару, кездесулер т.б.
Басқа да шығындар: үш қатарға жатпайтын өзге шығындар.
Дәл осы жүйемен жүрсеңіз, ақша жинауды меңгересіз. Ай соңында жоспардың орындалғанын талдаңыз. Бұл келер айдың жоспарын дұрыс құруға әрі қателіктерді түзетуге көмектеседі.
📌 Жүйеде үнемдеуге арналған амалдарға тоқталайық:
▪️Күн сайын қалтаңыздағы тиындарды банкаға салыңыз. Айдың соңында қомақты қаржы жиналып қалғанын өзіңіз де байқамай қаласыз.
▪️Қайтарылған қарыздарды депозитке салыңыз. Бұл табыс емес. Өткен айда жетпеген ақшаңыздың қайтарымы.
▪️Өзіңізге қаржылай жаза түрін ойлап табыңыз. Жаман әдет немесе жаттығуды өткізіп алғаныңыз үшін өзіңізді жазалаңыз. Банкаға жаза түрінде белгіленген қаражатты салыңыз.
▪️Жұмсайтын ақшаны төрт аптаға бөліңіз. Жеті күндік бюджеттен қалған барлық ақшаны апта соңында банкаға салыңыз.
▪️Қажет емес тауарды сатып алғыңыз келсе, келесі айға шегеріңіз. Егер 30 күннен соң сатып алуды қаласаңыз, солай жасаңыз.