Жапондықтардың “Кекейбо” әдісімен ақшаны қалай жинаймыз?

Автор: редактор 17 октября, 2024


Жапондықтардың “Кекейбо” әдісімен ақшаны қалай жинаймыз?

💸 Жапондықтар қаржыны тиімді басқаруға ерекше мән береді, ал олардың “какейбо” атты дәстүрлі ақша жинау әдісі әлем бойынша кең танымалдыққа ие. Бұл әдіс қарапайым қағаз журнал арқылы шығындарыңызды бақылап, саналы түрде ақша үнемдеуді үйретеді.

📌 “Какейбо” деген не?

“Какеибо” – жапон тілінен аударғанда “үй шаруашылығының қаржы журналы” деген мағынаны білдіреді. Бұл әдісті алғаш рет 1904 жылы Хани Мотоко есімді жапондық әйел журналист ұсынған. Оның негізгі мақсаты – адамдарға қаржыларын жүйелі түрде басқаруға көмектесу, шығындарды бақылау арқылы саналы түрде ақша үнемдеу дағдыларын дамыту болды.

📍Негізгі қағидасы

“Какейбо” әдісін қолдану үшін бар болғаны бір дәптер немесе арнайы журнал қажет. Әр айдың басында табыстарыңызды және күтілетін шығындарыңызды жазып, нақты қаржылық мақсаттарды анықтайсыз. Жапондық әдіс негізінде мына төрт маңызды сұраққа жауап беру керек:

1️⃣ Қанша ақша бар? – Айдың басында сізде қанша қаражат барын анықтаңыз.
2️⃣ Қанша ақша жұмсау керек? – Негізгі қажеттіліктер мен міндетті шығындарыңызды есептеңіз.


3️⃣ Қанша ақша үнемдеуге болады? – Жоспарлы түрде үнемдеу үшін ай сайынғы шығындардан қанша бөлігін үнемдеуге болатынын шешіңіз.
4️⃣ Қандай қадамдар арқылы үнемдей аламын? – Артық шығындарды азайтып, ақшаны тиімді жұмсауға мүмкіндік беретін шешімдерді табыңыз.

📌 Әдістің пайдасы неде?

“Какейбо” қаржыны саналы түрде бақылауға және жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс сіздің барлық шығындарыңызды көрнекі түрде көрсетіп, артық шығындардан арылуға, белгілі бір мақсатқа жету үшін қаржыңызды үнемдеуге көмектеседі. Оның үстіне, “какейбо” ойланбастан шығын жасау әдетін тежеп, қаржылық сауаттылықты арттыруға ықпал етеді.

ҚАЛАЙ БАСАУҒА БОЛАДЫ?

✔️ Ай сайынғы кірістерді және міндетті шығындарды жазыңыз. Бұл коммуналдық қызметтер, азық-түлік, көлік шығындары және т.б. болуы мүмкін.
✔️ Нақты мақсат қойыңыз. Бұл айда қанша үнемдеуді жоспарлайсыз? Мысалы, жаңа зат сатып алу немесе демалысқа жинау үшін.
✔️ Күнделікті шығындарыңызды тіркеңіз. Әрбір сатып алу немесе төлемді жазып, ай соңында қорытынды жасаңыз.
✔️ Талдау жасаңыз. Айдың соңында қанша ақша жұмсалғанын және қанша үнемделгенін тексеріп, келесі айға мақсат қойыңыз.

🟢 ҚОРЫТЫНДЫ

Жапондық “какеибо” әдісі – бұл тек қаржыны үнемдеудің жолы ғана емес, сонымен қатар өзіңізге қаржылық тәртіп орнату мүмкіндігі екенін естен шығрмаңыз. Қарапайым қағаз бен қалам арқылы сіз өз шығындарыңызды бақылап, ақша жинау жолындағы табысты қадамдар жасай аласыз.

Егер сіз де қаржылық сауаттылығыңызды арттырып, ақша үнемдеу мәдениетін үйренгіңіз келсе, осы әдісті қолданып көріңіз!