Жер сілкінгендегі қауіпсіздік шаралары қандай? – Маңызды 5 кеңес
📌 Бүгін, яғни 4 наурызда Алматы аумағында сағат 11.22-де магнитудасы 5 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Алайда төтенше жағдай кезінде көпшілік қалай әрекет ететінін білмей, бас сауғалап қалды. Осы тұста #Yйдежатпа ұжымы жер сілкінісі орын алған жағдайда қандай шара қолдануға болатыны жайлы маңызды кеңестерді бөлісті. Ендеше сіз де көз жүгіртіп шығыңыз!☝🏻
🏠 Үйде болған жағдайда газды, су мен электр қуатын сөндіріңіз. Егер жер сілкінісінің күші төмен болса, онда тоқтауын күткен абзал. Ал егер күшінің қатты болғанын байқасаңыз, ғимараттан шығуға тырысыңыз. Ішкі қабырғаның, бұрыштың, есік жақтауының қауіпсіз жеріне тұрыңыз. Кереуеттің немесе үстелдің астына кіріңіз. Бұл құлауы мүмкін заттардан және сынықтардан қорғайды. Терезе мен ауыр жиһаздардан алыс тұрыңыз. Лифтіні пайдаланбаңыз.
🛣️ Егер сіз көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр беруші желіден ашық алаңға қарай алыстаңыз, үзілген электр сымдарына жақындамаңыз. Ғимарат жанынан жүгірмеңіз және оларға кірмеңіз.
🚘 Егер сіз автомобильде болсаңыз, дүмпулер тоқтағанға дейін автомобильден шықпаңыз.
📌 Есте сақтаңыз: жер сілкінісі кезінде қайғылы оқиғаның басты себебі:
▪️ғимараттың жекелеген бөліктерінің сынуы
▪️сынған шынылардың құлауы
▪️үзілген электр сымдары
▪️пәтердегі ауыр заттардың құлауы
▪️өрт
🟢 Ғимараттың ішінде қалуға мәжбүр болсаңыз, онда:
Отырыңыз да, басыңызды бір қолыңызбен бүркеңіз, ал екінші қолыңызбен берік орнатылған бір затты ұстаңыз;
Қауіпсіз жерлерге: ішкі қабырғаның жанына, бұрышына, есіктің жақтауына немесе негізгі тіреуіштің жанына тұрыңыз;
Мүмкін болса, үстелдің астына тығылыңыз, ол сізді құлап жатқан заттар мен сынықтардан қорғайды;
Терезе мен ауыр жиһаздардан алыс тұрыңыз;
Майшам мен сіріңкені, оттықты қолданбаңыз, электр қуатын қоспаңыз — газдың шығып кету салдарынан өрт тұтануы мүмкін.
🟢 Жер сілкінісінен кейінгі әрекет
дүмпулердің толық тоқтағанын күтіп, сабырлы болыңыз;
үйде не пәтерде қалсаңыз, бүлінген заттарды түгендеп шығыңыз;
электр желісінде, су құбырында ақау болса, ажыратыңыз;
жарақаттанғандарға көмектесіп, оларға алғашқы медициналық көмек беріңіз;
өрт ошақтарын анықтауға тырысыңыз және мүмкін болса оларды сөндіру шараларын қолданыңыз;
автокөлікті қауіпсіздікті қамтамасыз ету не көмектесу мақсатында ғана пайдаланыңыз;
телефонды тек құқықтық тәртіп органдарының өкілдерін (102), өрт сөндірушілерді (101), дәрігерлерді (103), құтқарушыларды (112) шақыру үшін пайдаланыңыз;
балконға шықпаңыз;
зақымданған ғимараттардың жанынан өткен кезде сақ болыңыз.