Жетістікке апарар жол: өзіңе деген сенімді арттырудың 5 тәсілі
📌 Ал өзімізге сенімді болу үшін не істемек керек? Ол үшін біз ұсынған кеңестерге көз жүгірт.
🟢 Алдыңа үлкен мақсат қой
🔺 Бұл мектептегі мұғалім немесе жұмыстағы бастық, яки жақын адамдарыңның талаптарына негізделген мақсат болмауы керек. Өзіндік, яғни өмірдің кез келген саласына арналған, шынайы жүрек қалауыңнан шыққан мақсаттарды қоя біл.
Ол сен үшін маңызды әрі құнды болуы қажет.
🟢 Қалаған бағытыңда әрекет ет
Мақсат қою — 50% жетістікті құрайды. Бірақ тілектерімізді жүзеге асыру үшін нақты әрекет қажет. Сенімділікті қалыптастыруды кішкентай қадамдардан баста. Бірден үлкен, ауыр тапсырмаларға асықпа. Алдымен мақсатыңа жету жолын егжей-тегжейлі бақылап, сен үшін ең қарапайымынан баста.
🟢 Жетістіктеріңді мойындап үйрен
Бір кездері сен велосипед тебуге, білім алуға, кітап оқуға және жаңа адамдармен қарым-қатынас құруға күш салдың. Бүгінгі күнге дейін жинақтаған тәжірибең мен көрсеткен нәтижелерің мүлдем елеусіз болып көрінсе де, олардың арқасында сен белгілі бір дағдыларды дамытып, табысқа жеттің. Жетістіктерді қадағалау күш-қуатыңды түсінуге, жинаған тәжірибеңді бекітуге көмектеседі. Бұл өзіне сенімділіктің негізі болып табылады.
Ендеше, жетістіктерді бақылауға көмектесетін және табысқа жету жолын анықтаудың қызықты әдісін ұсынамыз.
* Дәптер немесе ақ парақты ал.
* Жетістіктеріңнің тізімін жаса. Кем дегенде саны 30 болсын.
* Әрбір жетістіктің жанына қандай әрекеттер мен дағдылар нәтижеге жетуге көмектескенін егжей-тегжейлі жаз.
* Жазылған дағдылар мен әрекеттер тізімі арқылы ең мықты тұсыңды анықтау қиын болмайды.
Бұл әрекетті жыл сайын қайталап, жазып отыр.
🟢 Мықты тұсыңды пайдаңа асыр
Кәсіби дамуда мықты тұстарыңа назар аудар. Ол үшін мына қасиеттерді бақылауға ал.
* өз ерекшеліктеріңді мұқият зертте;
🟢 Әрдайым ізденісте бол
Бүгінгі таңда кез келген табысты адам тез үйрену қабілетімен ерекшеленеді. Бұл олардың басты ұстанымына айналған. Сондықтан оқуды жаңа әдетке айналдыр. Өз салаңа байланысты біліміңді кеңейтіп, білгендеріңді өміріңе және жұмысыңа енгіз.