Жетістікке жетуге көмектесетін мотивациялық 3 кітап

Автор: редактор 14 Мамыр, 2024


Жетістікке жетуге көмектесетін мотивациялық 3 кітап

📌 Көпшілігімізге біреудің жеткен жетістігі қызық болып жатады.

Мұндай қадам таңғалдырумен қатар, адамның арманына қанат бітіретіні рас. Сондықтан мотивацияңыз төмендеп, өмірден баз кешкенде табысқа кенелген адамдардың туындыларын оқуға кеңес береміз. Осыны ескере отырып, назарларыңызға мотивациялық кітаптар топтамасын ұсынамыз.

1️⃣ “Кто заплачет когда ты умрешь”, Робин Шарма

Бұл шығарманың атауы қорқынышты көріну мүмкін. Алайда кітапты оқу барысында оның сәтті қойылғанын мойындайсыз. Өзінің бұл туындысында Робин адамдарға 101 кеңесін айтады. Осы арқылы оларға мотивация беріп, көптеген проблемадан құтылудың жолын айтады. Робин Шарманы қазіргі таңдағы жастардың мотиваторы деп айтса да болады. Сондықтан дәл осы шығарманы оқуға кеңес береміз. Автор бақытты әрі табысты болуға бірнеше маңызды кеңес ұсынады.

−Таңертең ерте тұру
−Тек шындықты айту
−Әр күні жақсылық жасау
−Істегің келетін жұмысты емес, жасауға тиіс жұмысты істеу
−Әр күнді көңілді бастау
−Жақсылық ойлау
−Болжап емес нақты сөйлеу
−Ағаш отырғызу
−Жиі суретке түсу (осы кеңес маған арналған секілді)
−Негативті ойлардан аулақ болу т.б

2️⃣ “Күнкөрістен кет, байлыққа жет!”, Бақытжан Бұқарбай

Саясаттанушы, журналист, Amal Books баспасының жетекшісі – Бақытжан Бұқарбайдың аталмыш кітабында —  қазақ кәсіпкерлерінің, соның ішінде Forbes тізіміндегі бизнесмендердің ең таңдаулы тәжірибесімен таныстырады. Туындыны оқи отырып, 10 есе пайда аласыз. Неге дейсіз бе? Себебі сіз өз бетіңізше тәжірибе жинақтауға жұмсайтын уақытты 30 жылға дейін үнемдей аласыз. Кітапта Шынар Бұғымбаева, Райымбек Баталов, Марғұлан Сейсембай, Арманжан Байтасов, Нұрлан Смағұлов, Елдар Әбдіразақов, Қайрат Құдайберген, Қуаныш Шоңбай сынды бизнесмендердің тәжірибелері көрсетілген.

3️⃣ “Финляндия – ақ лалагүлдер өлкесі”, Григорий Петров

“Финляндия – ақ лалагүлдер өлкесі” кітабында – Финляндияның мәдени, рухани тоқырауды жеңіп, мемлекет ретінде жаңа мәдениет сатысына көтерілгені баяндалады. Бұл кітап өз мемлекетінің  даму жолында табандылықпен күресуге бел буған ұлт үшін осы жолда қандай бағыт ұстану керектігін көрсететін бағдаршам іспеттес. Осы тұрғыдан алғанда, бұл кітап – күллі түркі жұртының жастары үшін батыс өлкелерінің өткені мен бүгініне жақыннан үңілуге мүмкіндік беретін таптырмас туынды.