Жоспарды қалай дұрыс құрамыз?

Автор: редактор 11 Маусым, 2024


Жоспарды қалай дұрыс құрамыз?

Жоспарлау – дұрыс әрекеттердің жүзеге асуын тездетеді және қателіктердің алдын алады. Алайда бұл нәтижелі тәсілді өз ісінің өнімділігін арттыру үшін санаулы адам ғана қолданады.

Есіңізде болсын, уақыт пен алда болатын іс-әрекетті жоспарлау әдеті өмір сүру формасын өзгерте отырып, қалаған нәтижеге жетуге көмектеседі.

Олай болса, аптаны жоспарлауға байланысты біз ұсынған кеңестерді қажетіңізге жаратыңыз.

1. Апталық жоспардың сәтті болуы күндік жоспарды қалай орындағаныңызға байланысты. Сондықтан әр жексенбі келер аптаның жұмыс тәртібін жазып шығыңыз. Сондай-ақ міндетті түрде уақытын белгілеңіз.
2. Апталық жоспарды жазуда google күнтізбесін пайдалану ең тиімді әдістердің бірі. Әр күніңізді арнайы бағандарға жазып, ескертпеге белгілеп қоя аласыз. Бұл қосымшаның тағы бір ерекшелігі, тізім бойынша істелу керек жұмыстарды 30 минут сайын есіңізге салып отырады.
3. Егер телефон қолдану тиімсіз десеңіз, қағазға жазуыңызға болады. Себебі қағазға түспеген мақсат пен жоспардың орындалмай қалу ықтималдылығы жоғары.
4. Күндік жоспар бойынша алдымен ең маңызды әрі энергияны талап ететін жұмыстарды орындауға тырысыңыз. Мұндай істерді түскі уақытқа дейін істеуіңізге болады. Ал түстен кейін айтарлықтай күшті талап етпейтін, жеңіл істерге көңіл аударасыз. Сонымен қатар маңызды істердің бәрін бір күнге қоймаңыз. Өйткені орындалмай қалса, өзіңізге деген сенімділік жоғалуы мүмкін.
5. Егер өзектілігін жоғалтпаған, бірақ орындалмай қалған тапсырмалар болса, кейінгі күнге ауыстыра аласыз. Бірақ ауыстырған күні орындауға тырысыңыз.
6. Бастаған ісіңізді аяқтамай жатып, келесі іске көшпеңіз. Бұл жұмыс өнімділігіне кері әсерін тигізеді.
Ал сен апталық жоспар құрасың ба?