Қаңлы экономикасы жайлы не білесің?

Автор: редактор 25 февраля, 2022


Қаңлы экономикасына қатысты 5 дерек✅

🔺Қаңлы мемлекеті қазақ халқының негізін құраған ең ежелгі тайпалардың бірі. Өздерің білетіндей, қаңлы тайпасының адамзат өркениетіне, түрік әлеміне және қазақ болмысына қосқан үлесі зор.

🔺Бүгін сендерге қаңлы экономиксына байланысты маңызды 5 дерекпен бөлісуді жөн көрдік.

1️⃣Қаңлылар көршілес ғұн, үйсін тайпаларымен соғысты. Бастапқыда жер үшін басталған соғыстың кейін бағыты өзгерді. Себебі олар экономикалық жағдайын көтеру үшін арнайы соғыс ұйымдастыруды қолға алды. Нақтырақ айтсақ, қанды майданда барымта жолымен қолға көп мал мен олжа түсіру бірінші кезекке шықты. Үстем тап өкілдері соғысты тонау мақсатында пайдаланып, көптеген байлыққа ие болды.

2️⃣Біздің заманымыздан бұрынғы ІІ-І ғасырларда Қаңлы мемлекетінің экономикасы айтарлықтай өрледі. Олар Қытай, Рим, Кушан мемлекеттерімен саяси, экономикалық, мәдени байланыс орнатты. Оған қараған жерлерде көптеген көне және жаңадан тұрғызылған тұрақты мекендер мен қалалар болған.

3️⃣Қаңлы қоғамында мүлік теңсіздігі мен таптар пайда болды. Ал бұл кезде адамдардың арасында бай мен кедей тобына жіктелу басталды. Байларға құлдардың орнына қауым мүшесінің еңбегін пайдалану тиімді болды. Неге дейсің бе? Себебі құлдарды азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз ететін. Ал қауым мүшелері тамағы мен киімін өздері тапты. Құлдар негізінен тамақ пісіріп, егін екті. Сонымен қатар шикізаттарды өңдеп, қала берді қолөнер кәсібіне пайдаланылды. Міне, отырықшы мәдениеттің іргесін қалап, құлиеленуші мемлекет құрған, өркениетке ерте жеткен көптеген тайпаларды қол астына біріктірген де — қаңлы тайпасы болды.

4️⃣Қаңлыларда жазбаша заңдар жинағы болды. Бұл жинақ қоғамда тәртіп орнатып, экономикаға зиян келтірмеу мақсатында жазылды. Заңға сәйкес, ұрлық жасағандардың қолын кесті. Ал адам өлтіргендердің барлық ұрпағын, жетінші ұрпаққа дейін қырып салған.

5️⃣Қаңлыларда қолөнер кәсібі дамып, сауда орталықтарына айналған. Тұрғындардың негізгі кәсібі қолдан суару арқылы жүргізілген диқаншылық болды. Қаңлы мемлекетінің арнайы шығарылған ақшасы қоныстанған қалаларынан табылған.