Қарахан мемлекетін әлемге танытқан сауда қаласы

Автор: редактор 02 Мамыр, 2022


🖊 Қарахан мемлекетінің құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейіннен Тараз қаласы болды.

◾️ Қарахан мемлекетінің Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттар мен қолөнершілер мекендеген.

◾️Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан. Сатұқ Тараз және Қашғар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды.

Осылайша, тарихта бұл әулет қарахандықтар әулеті деп аталды. Иә, Қарахан мемлекетінің тарихы X ғасырдың орта тұсынан басталды.

◾️ 2000 жылдық тарихы бар Тараз қаласы қарахандықтардың астанасы әрі ерте кезден сауда өнеркәсібінің орталығы болды. Мұнда қала мәдениеті қалыптасып, Қарахан мемлекеті тұсында Тараз қаласы үлкен сауда-өнеркәсібінің орталығына айналды. Осы тұста Ұлы Жібек жолының қаласы пайда болды. Шаһарға Индия, Орталық Азия, Иран, Ирак және де көптеген мемлекеттерден сауда көпестері келіп, бір-бірімен байланыс орнатты.

◾️Шығыстан батысқа, батыстан шығысқа шыққан керуен жолдары арқылы Тараз қаласына ақындар мен жазушылар, ойшыл ғалымдар, дің таратушылар, өнерпаздар келіп, өз халықтарының мәдениеті мен дәстүрін жандандырды. Қаланың рухани және мәдени дамуы көтеріліп, материалдық және рухани құндылықтар алмастырылды.

◾️ Тараздың көне қала тарихына жоғарыда айтқандай Қарахан мемлекеті үлкен үлес қосты. Бұл жердің жанданып, гүлденуіне қарахандықтардың тигізген пайдасы көп. Қарахан дәуірінен қалған моншалар, ескі қала орындар, ғасыр ескерткіштеріне жататын «Қарахан мазары», «Айша Бибі» мазарлары соның айқын дәлелі.

◾️Тараздың қала ретінде үлкеюіне Қарахан әулетін басқарған өкіл Сатұқ Қарахан ерекше үлес қосты. Оның ұлы Боғра хан Харун Мұса 960 жылы Тараз қаласында исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Тараздың саяси дербестігі мен аймақтағы автономдығы экономика мен мәдениеттің дамуына әсер етпей қоймады. Осылайша қала әр ғасырдың айтулы тарихи өзгерістерін басынан кеше отырып, мол мұрасымен, құнды жәдігерлерімен біздің заманымызға жетті.

◾️Міне, бүгінде Тараз қаласы көпшіліктің қызығушылығын оятып келеді. Қазіргі уақытта көне қаланы көруге, сонау жерден туристер де келуде.