Қарлұқ қағанатының сыртқы экономокикалық байланысы дінге қалай әсер етті?

Автор: редактор 11 Сәуір, 2022


🗺 Қарлұқ қағанатының экономикалық жағдайының қарқынды дамуына мал шаруашылығы, металл өндірісі және өзге елдермен жүргізілген сауда айырбасы да әсер етті. Мәселен, қарлұқ қаласының құрамында негізгі тайпаларды құраған көшпелі түріктер мал өсіруді кәсіп еткен.

📌 Қарлұқтардың мекені өзге халықтар тұрған жерлерге қарағанда бақшалы, мәдениетті елді-мекен болып келді. 🏕

📌 Талас алқабында VIII-IX ғасыр Атлах, Хамукет, Шельджи, Сусь, Куль, Такабет сияқты қалалары болған. ⚱️Жергілікті отырықшы халықтың басым көпшілігі түсті және асыл металдар өндірумен шұғылданды. Атап айтатын болсақ, алтын, күміс, мыс өндірді.

📌 Іле аңғарында Кунгут, Талһир (Талғар) қалалары болды. Әсіресе, Тараз, Құлан, Меркі, Ашпара қалалары танымал болды. VIII-X ғасырда Жетісу қалалары құрылысы жағынан әрі үйлердің орналасуы жағынан Орта Азия қалаларынан өзгеше болды. 🏛Олар бір жағынан көшпелілерден қорғанатын бекініс еді.

📌 Қағандықтың экономика өмірінде Соғды қалалары үлкен рөл атқарды. Олардың халқы, негізінен, Самарқаннан, Бұхарадан, Орта Азияның басқа да қалаларынан келгендер еді. Ірі де бай соғды мекендерінің сауда-экономика қуаты аса зор және дипломатикалық мүмкіндігі күшті болды.

💰Сауда-саттық қалалары Шығыс пен Батыстың арасындағы көне керуен жолдарының бойына орналасты. Сол жолдардың бірі Бұхара, Самарқан, Шаш, Тараз, Құлан, Суяб арқылы өтіп, Ыстықкөл ойпатымен Қарқараны, Текесті басып, Шығыс Түркістанға қарай бойлаған.

✔️ Отырықшы халық көшпелілермен тығыз байланыста болып, сауда жасап, тауар алмасып отырды. Көрші елдермен қарым-қатынас жасау қала мәдениетін дамытумен қатар сырттан басқа діннің де енуіне әсер етті. Халықтың басым көпшілігі ата-баба дінін ұстанған. Оны тәңірлік, шаман деп атады. 940 жылы Шығыстан келген «мәжусилік түріктер» қағандықты құлатты. Қарлұқ Қағандығы кезеңінде Жетісу халықтарының арасында әлеуметтік-экономикалық, этнограф және саяси бірлесудің берік негізі қаланды.