Қарлұқ, оғыз, қимақ тайпаларының экономикасындағы ТОП-3 ұқсастық

Автор: редактор 20 Сәуір, 2022


Қарлұқ, оғыз, қимақ тайпаларының экономикалық жағдайы күнделікті атқарып отыратын шаруашылықтарына тікелей байланысты еді. Олар ішкі жағдайын ретке келтіре отырып, сырт жақтағы елдермен де сауда байланысын орната білді. Мәселен, мал шаруашылығы, аң аулау кәсіптері ел экономикасының негізгі бағыттарының бірі болды.

1️⃣ Оғыздардың, қарлұқтардың, қимақтардың экономикалық жағдайының дамуына түрткі болған басты кәсібі – көшпелі мал шаруашылығы болды.

▪️Көшпелілер маусымдық жайылымдарды ауыстырып, ұзақ уақыт көшіп жүрді. Өзендердін белгілі өткелдерінен, қолайлы тау асуларынан өтіп, суы мол, шөбі қалың жайлауларға жететін ғасырлар бойы қалыптасқан көші-қон жолдары болды.

▪️Орта ғасыр жазушылары қимақтардың, оғыздар мен қарлұқтардың жылқы, қой, ешкі, сиыр, огіз, түйе өсіргенін айтады.

▪️Көшпелі шаруашылықта жылқы өсірудің ерекше маңызы болды. Жылқының жүрдектігі, төзімділігі арқасында алыста жатқан жайылымдарды игеріп отырды. Жылқы соғысқа, аң аулауға пайдаланылды.

2️⃣ Оғыздардың, қимақтар мен қарлұқтардын күнкөріс кәсіптерінің бірі аң аулау болды.

◾️IX ғасырда әл-Йакуби көшпелі түріктер «көбіне жабайы аң-құстың етін жейді» деп жазды. Жахиз түріктердің аң аулау тәсілдерін қызықты етіп суреттейді. Оның сөзіне қарағанда, олар аң аулағанды жақсы көреді. Тіпті, шапқыншылықта жүрген кезінде де аң аулайтындарын айтады.

3️⃣ Қимақтардың, оғыздар мен қарлұқтардың арасында терісі қымбат түлкі, сусар, кұндыз сияқты аңдарды аулаушылар да болды.

▪️Қимақтар сонымен қатар бұлғын, ақ тышқан және жыртқыш ірі аңдардан: жолбарыс, барыс аулаған. Ертіс бойында ықшам киінген, ат үстінен сүңгімен жолбарысты түйрегелі жатқан қимақ аңшысының суреті салынған қола тоға табылды. Аң терісі бұл тайпалардың басқа елдерге шығарып сататын дүниелерінің бірі болды.