Қазақ тарихындағы басты орын алған Отырар қаласы туралы не білеміз?

Автор: редактор 27 июля, 2022


🕍 Отырар – ертеден шығыс әлеміне танымал болған қала. Кейбір деректерге қарағанда осыдан екі жарым мың жыл бұрын оның орнында алғашқы қоныстар болған. VІ – VІІІ ғасырларда Отырар Сырдария өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болды. 

💭 Кейін ІХ – ХІІ ғғ. сол аймақтың басты қалаларының біріне айналады. Отырар Қазақ хандығы заманында мәдениеті мен экономикасы жақсы дамыған орталықтардың бірі болған. Отырар қаласының гүлденіп, орта ғасырдағы ірі қала орталығына айналуына оның орналасқан орны үлкен әсер етті. 

💭 Бұл қаланың тез өсуіне қолайлы жағдай жасаған Ұлы жібек жолы болды. V – ХV ғғ Отырар қаласы Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын орталыққа айналды. Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Отырарға жан – жақтан көпестер келіп-кетіп жатты. Мұнда медреселер, базарлар, ұстаханалар, тіпті қонақүйлер мен мешіттер, монша, сауда дүкендері жұмыс істеген.

💭 Отырар қаласы жөнінде тарих ғылымдарының кандидаты Әуезхан Шашаев былай баяндайды: «Ол жерді қазғанбыз. Сол кезде көптеген мұралар. Сырттан су әкелінген. Құбырлар. Су кірген. Лай суды сыртқа шығарған. Сонан кейін қоқыс төгетін арнайы ұңғымалар болған. Олардың барлығы қаланың тазалығын сақтау үшін, жұқпалы аурулар таралып кетпеуі үшін жасалынған болатын. Сырдария мен Арыс өзендерінің сағасындағы оазисте орналасқан Отырар жұртына географиялық жағдай өте қолайлы еді. Отырардың маңында жер суаратын мелиорациялық жүйе болған. Айнала шексіз дала. Малшыға да, диқанға да ыңғайлы. Өзен аңғары шалғынды шөптерге, итмұрын өсінділеріне бай.» 

Тарих кітаптарында Қайырхан Шыңғысханның керуендегі көпестерін өлтіртті, бұл Шыңғысханның Орта Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды деп жазылады.