Қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық ырымдары
Қазақтың өмір сүру салтында ырымдар көп. Оған бірі сенсе, бірі көз жұма қарайды. Алайда әр ырымның шығу төркініне ерекше мән берген жөн. Ендеше назарларыңызға ең маңызды ырымдарды ұсынамыз.
◾️ Қазанды есік жаққа қаратып қисайта аспайды. Ол құласа: «Несібе төгіледі, ырыс далаға қашады. Отқа төгіліп, дән куйеді. Қазан шайқалса, ырыс шамданады» деп ырымдайды.
◾️Шәугімнің шүмегін ошақтың аузына қаратып аспайды. Шай тасыса — үйдегі қыз ащы азап арқалайды деп ырымдалады. «Тұз астың иманы, қыз — үйдің көркі». Дәм-тұз ауыспақ қыздан. Тұз шамданса — қыз шамданады. Дәм-тұз атқан адам өмір бойы оңбайды деп, сол ырымға нанады.
◾️Әдетте бұта, бүрген, ши түбіне саритын ит үй іргесіне сарыса «кұт кұйды» деп ырымдайды. Қазақ ырымында ит опадар саналады. Жеті қазынаның біріне косылады.
◾️Күн күркіреп, нөсер жауын, найзағай жаркылдаса — үйдің іргесі отпен аласталады. Адамдар «бисмилла, бисмилла!» деп, тәуба қып, иман келтіреді. Қазак ұғымында найзағай — алланың жын-шайтанға атқан оғы. Үй іргесін отпен аластаудың мәні — құдай тағала даладағы жын- шайтанды атқылағанда, олар қашып келіп үйдің іргесіне тығылмасын дегені. Сондықтан оларды отпен қоркытып қуу керек. Іргені отпен аластамаса үйге жасын түсүі ықтимал. Адамдардың сәл пәледен шошып, зәре-құттары қалмайды.
◾️Жайшылықта мініс атының жал-құйрығы күзелмейді. Себебі ат иесі өлсе- оның мініс аты тұлданып, жал-құйрығы күзеледі, қаралы күйге келтіріледі. Сондықтан жайшылықтағы мініс ат сондай күйде көрінбесін дегені.
◾️Қазақ қыз баланы қорламайды. «Қыздың қабағында құт бар. Қыз қабағы күрен тартса – ел жұртқа шалдығады. Қыздың қабағы күлімдесе – құт қонады. Қызды жылатқаның қырсығы қырық есекке жүк болады» — деп ырымдап, қыз баланы адамның бақытына балайды.
◾️Адамның алақаны қышыса – ақша ұстайды, табаны қышыса – жол жүреді.
◾️Адам түшкірсе «жәрікімалла» дейді.
◾️Мойын құяңның салдарынан қарысып қалғанда, кербез кісінің сыртынан сәлем жасаса, жазылады.
◾️Тізені құшақтам
◾️Жуған қолды сілкісе, ырыс несібе кетеді.
◾️Адамға қарап қолды шошайту әдепсіздік болып саналады.
◾️Саусақты, қолды, орынсыз ауызға салуға болмайды, бұл да әдепсіздік белгісі.
◾️Екі қолды төбеге қойып отыруға болмайды. Басына қайғы-қасірет түскен адам ғана төбесіне қолын қойып отырады.
◾️Мықыныңды таянба. Бұл қайғы-қасірет шақырады деген жаман ырымды білдіреді.
◾️Есікті керме. Үйге ешкім кірмесін деген белгіс
Ал сіз тағы қандай ырымдарды білесіз?🤔