Қазақ жерінде тауарлы айырбас жүйесінің қалыптасуы және дамуы

Автор: редактор 20 ноября, 2024


Қазақ жерінде тауарлы айырбас жүйесінің қалыптасуы және дамуы


✔️ Ақша – бұл тек төлем құралы емес, тарих айнасы. Ежелгі көшпенділер дәуірінде ақшаның орнына әртүрлі тауарлар қолданылды: мал, тұз, шай, бидай, жүн, сәнді бұйымдар, еңбек құралдары және тіпті бақалшақтар. Айырбастау процесінде олар құнның эквивалентіне айналып, тауарлы өндірісті дамытты.



Мысалы, айырбас саудасында:
– 1 балта – 5 құмыра
– 1 қой – 1 қап бидай
– 10 күрек – 1 ат
– 3 тай тұз – 1 тері
– 1 күміс білезік – 2 қап арпа
дегендей құндылықтар теңестірілген. Бірақ уақыт өте келе металл ақшаның қызметін атқара бастады.



🔹 Хуннулар б.з.д. III ғасырда ақша орнына күміс пышақ қолданса, б.з. I ғасырында салық ретінде алтын мен күміс құймаларды жинады.
🔹 Ақ ғұндар екіжақты жазуы бар теңгелер жасап, сауда айналымына енгізген.

✔️ Ұлы Жібек жолы және қазақ теңгелері

Қазақ жеріндегі тайпалар Ұлы Жібек жолының бойында орналасқандықтан, ақша жасауды ерте қолға алған. VI–VIII ғасырларда билеуші рулардың таңбасы бейнеленген теңгелер құя бастады.

🪙 Теңгелердің ерекшелігі:
– Сырдарияның орта ағысындағы тайпалар қола теңгелерді қолданған.
– Ашиде әулетінің рәмізі ретінде арыстан бейнесі қашалған.
– Мұндай теңгелер Суяб, Тараз сияқты ірі орталықтарда құйылып, айналымға шыққан.

🔸 Отырар қаласы – ежелгі ақшаның бүкіл тарихын айқындайтын ерекше мекен. Бұл қалада түрлі теңгелер жасалып, ғасырлар бойы сауда-саттықтың орталығы болды.



Қазақ жеріндегі алғашқы теңгелер – ұлттық тарихымыздың жарқын бөлігі. Олар көшпенділердің экономикалық дамуы мен сауда-саттықтағы орнын көрсететін тарихи құндылық.

📌 Сіз бұл тарихи деректермен бұрын таныс па едіңіз? Түсіндірмеге жаза кетіңіз!