Қазақ жеріндегі ақша реформасы: Өзгерістің ел экономикасына әсері

Автор: редактор 13 Желтоқсан, 2023


Қазақ жеріндегі ақша реформасы: Өзгерістің ел экономикасына әсері

📌 Күміс монеталарды шығару бойынша Оңтүстік Қазақстанның Тараз, Отырар және Кенджде қалалары алып Шағатай империясында бірінші орында тұрды. Осы үш орталықта шығарылған монеталар шын мәнінде бірдей болған.
Моңғолдар таратылған теріс пікірге қарамастан барынша парасатты экономикалық саясат жүргізді. Орталық Азия олар үшін жоғары және тұрақты көз ретінде үлкен қызығушылық танытты.

📌 Ақша соғуға байланысты істерге моңғолдар араласқан жоқ. Бүкіл аймақты алдымен, Махмұд Ялавач саудагер, одан кейін оның Ұлы, бірнеше ханның тұсында өмір сүрген және ірі ақша реформасын жүргізген Масуд-бек басқарды.

Ол көптеген монета сарайларын көтермеледі, күміс монеталар үшін бірыңғай салмақ пен сынамды белгіледі. Империя оның бүкіл аумағында еркін айналыста болатын күміс монетаны және оның салмағының жалпы мемлекеттік стандартын алды. Ал бөлек саудада мөлшері және салмағы бойынша күміс монеталарға дәл келетін мыс ақшалар дами түсті. Масуд-бектің ғана реформасы “күміс дағдарысын” ауыздықтады. Сондай-ақ аймақтың ұзақ және тұрақты экономикалық өсуіне қозғау салды.

☝🏻Сол уақытта моңғол ақшаларына қатысты бір жұмбақ болды. Оларда моңғол хандарының аттары жазылмады, бірақ Бағдад халифі Нәсірдің есімі жазылды, оны моңғолдардың өзі, шын мәнінде Хулагидтер тақтан тайдырып, 1258 жылы өлтірген болатын. Сондай-ақ осы есім Алтын Ордадағы Жушидтердің монеталарында да болды. Ал олар Қазақстанның батысында белсенді түрде айналыста болды.

Тарихшылар дәстүрге берілген құрмет ал Берке-хан ислам дінін енгізу саясатын жүргізген Алтын Ордада осы жаңа діннің жолын үстау көрсеткіші деп санайды.

🪙 Моңғол мемлекеттерінің құлауымен бірге монета жасау ісі де кейбір құлдырауға ұшырайды. Қазақстанның үлкен бөлігі Ақ Ордаға кірген XIV ғасырда Отырарда монеталар соғу тоқтатылды. Бірақ, осы жүзжылдықтың аяғында біздің өлкеге Тимур келді. Бұл жерде экономика қайтадан жанданды.
Отырарда қайтадан монета соғу басталады. Бірақ саудада қазіргі Өзбекстан аумағының оңтүстігіне қарай, негізінен Бұхарада шығарылған күміс теңгелер де пайдаланылды.
Міне біздің жерімізде алғашқы рет Қазақстанның қазіргі валютасының атауы пайда болды.

📍Тимуридтар мемлекетінің аумағында отыздан астам монета сарайы жұмыс істеді. Ол кезде атақты оқымысты және мемлекет қайраткері Ұлықбек бастамашы болған кезекті ақша реформасы жүргізілді. 1428 жылы ескі монета ақшаларды жаңасына айырбастау басталды. Ал ол аяқталған кезде барлық монета сарайы жабылып, 60 жыл бойы алып империя бірыңғай ақшаны пайдаланды. Ал егер ол жетпесе, онда қосымша монеталар тек Бұхарада ғана соғылды.

Тимуридтар мемлекеті күйрегеннен кейін Қазақстанның оңтүстігі қазақ хандары мен Мавераннахр билеушілері арасындағы ұзақ күрестің алаңы болды. Күрес Сырдарияның орта ағысында болған бай қалаларда болды. Және де бұл күрес XIX ғасырдың басында осы қалалардың құлдыраумен және өлкенің Қоқан хандығына қосылуымен аяқталды. Бірақ ол жүзжылдықта осы жерге ақшаның алуан түрі енгізілді.
Осы өлкені алдымен Ауғанстан мен Иранға дейін өз билігін жүргізген Шейбанидтер басып алды. 1507 жылы Мұхаммад Шейбани-хан Гератты басып алды және бірден қаланың жиылыс мешітінде ақша реформасы туралы жарлық жарияланды, ол барлық саудаға мүдделі адамдарға күміс соғуға және айналысына берік және өзгертілмейтін ұйымдастырылатынына уәде берді.
Күміс айналысының негізі “августік соғумен көркемделген”, яғни Мұхаммад Шейбаниханның өзінің атымен және лауазымымен көркемделген жаңа танга тағайындалды.

📌 Реформаның толық аяқталған уақыты — 1508 жыл, сол кезде салмағы, жазуларының мазмұны, үлгілі ресімделуі бойынша бірдей тангалар Шейбанид державасының сол кезде көптеген қалалары мен облыстарында шығарылды: Самарқандта және Бұхарада, Мервде, Ниста және Серахсте, Гератта, Мешхедте, Нишапурад, Нимрузда, Каинда, Себзеварда. Бірдей күміс монеталар бүкіл мемлекет бойынша тең айналыста болды, күміс монеталар соғудың инфляциялық үдерісі еркін болды, яғни кез келген жеке тұлға езінің металынан немесе бұйымынан монеталарға тапсырыс бере алды, ол үшін қазына белгілі бір ақы алып отырды. Қазына үшін кірістер көзі монета соғу, әсіре олардың айналысын ұйымдастыру болды.

Дегенмен, бұл күміс соғудан және айналысынан түскен үлкен кірістердің орталық биліктің қазынасына құйылғанын білдірмейді. әулеттің басшысы ол кезде тендестер арасындағы бірінші ғана болды. Ірі билеушілер оған сырттай баға берді, монеталардың жазуларында әулет басшысының аты мен лауазымы дәріптелді, ал монеталар соғудан түскен кірістерді өзіне алды. Күмісті жүйелі әрі көп шығару ең ірі төрт қала — Бұхарада, Самарқандта, Балхта, Ташкентте жүзеге асты. Олар Ташкенттен Қазақстанның аумағына өтті және Қазақ хандығында еркін айналыста болды. Ал оның иеленушілері Шейбанидтердің мәңкі саяси жаулары болды.