Қазақ жеріндегі алғашқы ақшалар

Автор: редактор 14 Шілде, 2022


📂 Тарихи зерттеулерге сүйенсек, қазақ жерінде алғашқы ақшалар біздің заманымызға дейінгі 2000 жылдары пайда болды. Бұл адамдар арасындағы арнайы қажеттіліктен туындаған. Дегенмен уақыт өте келе заттың құнын затпен өтеу ыңғайсыздық туғызды.

🔍 Мәселен, қолөнерші қолындағы затқа бір нан алғысы келеді, алайда нан иесіне ыдыс-аяқ қажет емес еді. Сол себепті қолөнершілер, мал шаруашылығымен айналысатын адамдар арасында түсініспеушіліктер орын алды. Осылайша айырбас құралы ретінде ақша пайда болды. Ақша ретінде металлдар пайдаланылды. Олар мыстан, күмістен және алтыннан жасалды. 

🔍 Ақша соғу, оны айналымға енгізу ісі және оны белгілі бір қоғамда төлем құралы ретінде пайдалану – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың жоғарғы деңгейге жеткен көрсеткіші болды. 

🔍 Қазақ жерінде монеталардың табылуы Ұлы жібек жолының дәуіріне сәйкес келеді. 

Ушуцянь монеталарын шығару Қытайда бірнеше әулет басқарған кезде жалғасып, біздің дәуіріміздің VI ғасырында аяқталды. 

🔍 Осыдан кейін Оңтүстік Қазақстанның және Жетісудың қалаларында Қытайдың басқа кайюань тунбао (Қытайдың қазіргі замандағы валютасының атымен ұқсас) монеталарын пайдалана бастады. Бірақ, сол кезде, VIII ғасырда қытайдың ақша монополиясын соғдылар бұзды. 

🔍 Шығыс ираннан шыққан осы халық бүкіл Жібек Жолының бойымен сауда жасады.Түркі қағанына бағынышты Қазақстан аумағындағы қалалардың негізгі халқын құрады. Олар Қытайдан бастап Иранға дейінгі көптеген керуен сарайларды ұстады. Осылайша, зерттеулерге байланысты Қытай және соғды монеталарының көпшілігі Отырардың қалалық базарын қазу кезінде табылды.