Байырғы қазақ “ат басындай алтын” тіркесін қандай мағынада қолданған?

Автор: редактор 05 мая, 2022


📎 Кешегі жазбада көшпенді қазақ қолданған азық-түлік өлшемдеріне тоқталып өткенбіз. Ал бүгін осы тақырыпты ары қарай жалғастырамыз.

🟠 Мәселен, ат басындай алтын тіркесін әдеби шығармаларда жиі кездестіреміз. Бұл дәстүрлі өлшем атауы ретінде түсіндіріледі. Яғни, метафоралық образдық теңеу. Нақтырақ айтсақ, көлемді, үлкен деген мағынаны беріп, қымбат заттың мөлшерін бейнелейді. Яғни, алтын сөзі бұйымдарды салып өлшейтін өлшем ретінде қолднылған.

🟠 Кей деректерде алтын ұғымы орнына зер сөзін пайдаланылған.

🟠 Алтын тазартылып, өңделіп дайындалған соң әртүрлі құйма түріне енгізіледі. Осыған байланысты олардың атауы түрліше болып келеді.

📌 Үлкендеуін алтын жамбы немесе сом алтын деп атаған.

📌 Жылқының тұяғымен сәйкес алтын құйманы аттұяқ, ал бұдан кішісін тай тұяғының үлкендігіндей мөлшерде құйылған тайтұяқ алтын деп атайды.

📌 Қой тұяғы көлемінде құйылған кесегі алтын қой тұяқ алтын делінеді.

Алтын құйманың ұсақ түрлерінің де атаулары бар. Түйменің үлкендігіндей алтын кесегі — түйме алтын, қойдың басына ұқсатып құйылған алтын ақша — қой бас ділда деп аталған.