Балбал тастың құпиясы: Көшпелі қазақ адам бейнесіндегі ескерткіш арқылы не жеткізгісі келді?
Көшпелі дәстүр ұстанған қазақ даласының тарихы құпияға толы. Солардың бірі — балбал тастар. Балбал — ежелгі түрік дәуірінде жиі кездесетін тастан қашап жасалған адам бейнесіндегі ескерткіш. Қазақ даласының барлық аймағында кездеседі.
🗿Балбал сөзі — соғу, қағу, үру деген мағынаны білдіреді. Түркологтардың пікірінше,«тасты тіп-тік етіп қадап орнатқан белгілер» деген мағынаны білдіреді. Балбалдың этномәдени жөн-жосығы ежелгі түрік дәуірінде (VI-IX ғғ.) айрықша болды.
📌 Балбал — өліктің аруағына арналған ғұрыптық кешен ретінде қарастырылған. Ежелгі түркі ғұрыптық кешенінің құрамы арнайы барық-кесенеден, қорғаннан, сандықтастан, мәтін жазылған бітіктастан және оның тұғыртасынан, сондай-ақ бәдіздер — Балбалдардан тұрды. Ал саны 10-600 данадан астамға дейін барады.
📌 Ежелгі түркі ғұрыптық кешендерінің көпшілігі қаған, тегін, тархан, чүр, түдүн сынды билік иелерінің және атақты бекзадаларының құрметіне арналып жасалды. Қарапайым халыққа арналғандарыда бар. Осы кешендерде аза тұту, ас беру немесе аруаққа бағышталған «жоқтау» сияқты этностың тіршілік циклының аса маңызды ғұрыптық жосындары атқарылған. Өліктің аруағына тағзым ету үшін яғни аруағын жөнелтуге және ас беруге қатысқандар өздерінің ел-жерінен әкелген ұзын тастарды сол өлікке арналған арнайы ғұрыптық кешеннің күншығыс бағытына қарай арасын шамамен біркелкі қашықтықта тізбектеп тігінен орнатқан. Аталмыш ғұрыптық кешенді салуға қатысқандардың әрқайсысы өз ру-тайпасының таңбаларын немесе көне түркі бітік жазуымен өз атын, лауазымдық атақтарын жазды.
Бұл ежелгі түркілердегі — жоқтау рәсімінің маңызды элементтерінің бірі болған болуы керек. Бәлкім осындай белгі қою арқылы осы рәсімге қатысушылар өздерінің өліктің аруағын құрметтегендігін және оны Тәңірі әлеміне шығарып салғандығын білдіргені депте айтуға болады.
📌 Балбал сөзінің «тас тізбек, қадаған тас» деген магынасы қазіргі қазақ тілінде «адам бейнелі mac мүсін» деген ұғымға ауысып кеткен. Сол себептен бәдізді де (тасмүсінді), тік орнатылған тастарды да балбал немесе сынтас деп атаған. X ғ.-дан бастап қазақ даласына ислам дінінің кеңінен таралуына байланысты балбал тастар қашау ісі өз мәнін жоя бастады. Себебі ислам діні адам бейнесін және жануар бейнесін қашауға тыйым салған. Ғалымдардың пайымдауынша, адам бейнесінде қашалған соңғы балбал тастар XII ғ.-ға жатады. Кейін балбал тастарды сагана тастар ауыстырған.
📌 Қазақы ортада сынтасты бұрыңғыдан қалған ескінің көзі ретінде бағалады. Балбал тас мүсін емес, дұрысында оның жанына тізбектеле қойылатын, сәл ғана өңделген, көбіне өңделмеген кішірек тас бағаналар. Бұларды тұрғызу — өлген адамға құрмет көрсетіп, ескерткіш қоюдың бір түрі.
📌 Ал бір деректерде балбал тасты маңызды белгілерді көрсету үшін қолданған деп айтады. Мысалы, бұл тастар арқылы су ішуге болатыны, тамақтанатын орын бар екені ескертілген.