🖋 Шаруашылық-экономикалық жағынан алғанда екі негізгі шаруашылық жақсы дамыды. Біріншісі мал шаруашылығын көшпелі әдіспен жүргізу болса, екінішісі феодалдық қатынастар кезінде едәуір дамыған отырықшы-егіншілік болды. Бұл кезде феодалдық қатынастар Византия мен Иранда дамыған болатын. Соғыс және сауда бәсекелестігіне қарамастан феодалдық қоғамдық қатынастар Кавказ өңірінің Хазар патшалығының көшпелі ортасына, Алтайдың ертедегі түркілер жеріне өтіп ұлғая түсті.
🖋 Батыс түрік кағанатының халықаралық шаруашылық және саяси байланыстар аясына тартылуында Соғды мен Жетісудың соғдылық көпестері ерекше роль атқарды. Жетісу құжаттарында көбінесе «соғды» деп аталатын қалалары ежелгі түрік дәуірінде тоқтап қана өтетін мекендер болған жоқ.
🖋Қалалардың соғды халқы да, түрік халқы да саудамен, қолөнермен, диқаншылықпен бірдей дәрежеде шұғылданды. Қала мен дала қағанат құрамында бірін-бірі толықтыратын және біріне-бірі өзара керек болып отыратын біртұтас шаруашылық-саяси жүйенің екі бөлігі болды.
🖋Сыртқы және ішкі сауда айырбасы да ақша айналысын туғызды. Осылайша Батыс түрік қағанатының вассалдық шет аймақтарының да, орталығының да халқы осы айналыс өрісіне тартылды.