Ел аралап жүріп жасалатын сауда: Бай көпестер көшпенді қазақтың қандай тауарларын қолды етті?

Автор: редактор 01 Маусым, 2022


◽️ XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан Ресейдің Орта Азиямен сауда-саттық жасауында үлкен роль атқарды. Орта Азия мен Қытайға баратын керуен жолдары Қазақстанның аумағын Орынбор, Троицк, Петропавл, Семей арқылы басып өтті.

◽️ Орта Азиямен жүргізілетін сауда керуенінде жыл сайын 5-6 мың түйеге артылған жүк тасылды. Патша үкіметі Орта Азиядан мақта, жібек мата, елтірі және түрлі кілемдер алып тұрды.

◽️ Орта Азиямен сауда негізінен татарлар мен ортаазиялық көпестердің қолында болды. Бұған дейін сауда-саттық тек қалаларда жүргізіліп келген болса, енді ол қаладан тыс жерлерде де ұйымдастырыла беретін болды.

◽️ Осылайша сауда айналымының көлемі әлдеқайда арта түсті. Бірте-бірте уездік қалалардың өздері де ірі-ірі сауда орталықтарына айналды.

◽️ Сауданың дамуына байланысты ақырындап ақша енгізілді. Мемлекеттік қазына Орта Азия көпестерінен алынатын алым-салық есебінен едәуір байыды.

◽️Көпестердің саны да арта түсті. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ өлкесінде сауда-саттықтың ел аралайтын, тұрақты және жәрмеңкелік түрі пайда болды.

◽️Ел аралап жүріп айырбас сауда жасаумен орыс, татар және Орта Азия көпестері айналысты. Олар көшпелі және жартылай көшпелі халыққа күнделікті қажетті тауарлар сатты. Оны малға немесе мал өнімдеріне айырбастады. Ондай көпестер қазақ даласынан үйір-үйір жылқы айдап қайтып жүрді.

Сонымен қатар жүн мен майды қажетінше сатып алды. Бұл өнімдер Троицк, Орынбор, Ор, Петропавлдың және Омбының зауыттары мен базарларындағы алыпсатар саудагерлерге үстеме бағамен өткізілетін.

◽️ Ал алыпсатар саудагерлер өз кезегінде ол өнімдерді Ресей базарларында сататын, тіпті шетелдерге де асырып жіберетін. Бұдан екі арадағы делдалдар мол табыс табаты