Қимақтар саудасының құпиясы

Автор: редактор 21 апреля, 2022


◼️ Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егіншілікпен де шұғылданды. Балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнер де жақсы дамыды. Мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды.

🔺9 – 11 ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты мекендері болғанын жазады. Әл-Идрисидің дерегіне қарағанда, олардың қалалары мен қоныстары өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан. Мемлекеттің 16 қаласы болған. Олардың көпшілігі сауда жолдарына жақын салынған.

🔺 Қимақтарда сауда-саттық жақсы дамыды.
Орта Ертісте жатқан қимақ астанасы
Қимақия (Имақия) қаласына Еділдегі Бұлғариядан, Енисей қырғыздарынан, Батыс Қытайдағы тоғыз-оғыздардан, оғыздардан, қарлұқтардан және Орта Азиядан шығатын сауда жолдары келіп түйіскен. Әл-Идриси қимақтардың Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады.