Көшпелі қазақтың экономикасына шөп шабу ісі қандай пайдасын тигізді?

Автор: редактор 30 июня, 2022


#көшпеліқазақэкономикасы

⬜️ XIX ғасырдың екінші жартысында қазақтар шөп шабумен айналыса бастады. Алайда көшпелілердің шабындық жерлері Ресейден қоныс аударып келген шаруаларға, қазақтардың станицаларына, әскери бекіністер мен жаңадан салына бастаған қалаларға беріле бастады.

⬜️ Мың-мындаған мал басын қырып салатын жұт жылдары бұл үрдіс жиі қайталанатын болды. Ал ондай кезде мал басын алдын ала дайындалған шөп қоры мол болған жағдайда ғана аман сақтап қалуға болатын еді.

⬜️ Қоныс аударып келген орыс шаруалары қазақтардан сиырды көптеп сатып ала бастады. Мұның өзі мүйізді санын арттыра түсу қажеттігін тудырды. Ал сиырды қолда ұстап бағу мал азығын дайындауға деген ынта-ықыласты күшейтті.

⬜️ Шөп темір шалғылармен шабылды. Қоныс аударып келген орыс шаруаларынан үлгі алған ауқатты қазақтарда негізінен атқа жегіліп, шөп шабатын машиналар да пайда болды.

XX ғасырдың бас кезінде Қазақстанның солтүстік, орталық, солтүстік-шығыс аймақтарында шаруашылықтардың 90 пайызға жуығы шөп шабумен айналысуды кәсіп етті.