Көшпелі қазақтың ермек еткен кәсібі туралы не білеміз?

Автор: редактор 25 Мамыр, 2022


🔳 Қазақстанның байырғы жергілікті тұрғындары, нақтырақ айтсақ көшпелі қазақ аңшылықпен ерте заманнан бері айналысқан. Ресейдің XVIII ғасырдағы белгілі зерттеушілерінің бірі И.Г. Андреев бұл жөнінде былай деп жазады: «Аңшылық кәсібі аңдардың көптеген түрлерін аулауға бейімделген. Мәселен, қасқыр, түлкі сияқты аңдарды кең далада атпен қуып жүріп аулайды».

🔳 Қазақ шаруашылығында аңшылық қосымша кәсіп сипатында болды. Ауқатты бай қазақтар аң аулаумен көңіл көтеріп, уақыт өткізу үшін айналысты.

🔳 Аң аулауға қыран құстар салу, құмай тазылар жүгірту, қақпан және тұзақ құру сияқты толып жатқан тәсілдерді қолданды. Қазақтар қақпанды көбіне қоныс аударып келген орыс шаруаларынан сатып алды.

🔳 XIX ғасырда аң аулауға мылтық пайдаланыла бастады. Қасқыр, түлкі, қарсақ ату кеңінен етек алды. Қымбат бағалы аң терілерін жәрмеңкелер мен сауда орындарына шығарып сататын болды.