Көшпелілер экономикасында жоғары бағаланған маман иелері

Автор: редактор 22 мая, 2024


Көшпелілер экономикасында жоғары бағаланған маман иелері

📌 Қазақ халқының қолөнері ежелгі ру-тайпалардан бері қалыптасып келеді. Олар тұрмыс-тіршілігіне қажетті барлық бұйымдарды өздері жасап алып отырды. Соған орай үй ішілік, ұсталық, зерегерлік, өрімшілік, көншілік, тігіншілік, етікшілік т.б. қолөнер кәсіптері дамып отырды. Қазақ шеберлері қолөнердің белгілі бір саласына маманданды.

🔍 Қазақ халқының қолөнерінің ішінде зергерлік ісі өте жоғары бағаланды. Олар қыз-келіншек,әйелдерге қажетті сақина, сырға, білезік, шолпы сияқты әшекей бұйымдар соқты.

Зергерлер қыздардың сәукелесін әсем өрнектеді. XVII ғасырдағы деректерге қарағанда кейбір алтындап, қымбат тастармен әшекейлеп жасаған сәукелелердің құны бір үйір жылқымен бағаланған.

🔍 Қазақ халқында өрнектеп ши тоқу, кілем, алаша тоқу, ою-өрнек салынған текеметке басу кең тарады. Қазақ халқының тұрмысы мал шаруашылығымен байланысты болғандықтан, ыдыстың кейбір түрлерін теріден жасаған. Мәселен, қымыз ашытатын саба, мес, торсық, көнек т.б жасаған.

🔍 Ал етік тігетін шеберлер ерлердің етіктермен,мәсімен,әйелдерді басы қайқы,сәндеп тігілген кебіс сияқты аяқ киімдерімен қамтамасыз етіп отырған. Қазақ шеберлері сүйектен,асыл тастардан да тұрмысқа қажетті сәнді бұйымдар жасаған.

Теміршілікпен айналысатын ұсталар мал шаруашылығы мен егіншілікке қажетті құрал саймандар соқты.