Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы сауда байланысының ерекшелігі

Автор: Редактор 27 апреля, 2022


🖇 Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыс тарих ғылымында әр түрлі пікірлер туғызып отыр. Біраз зерттеушілер көшпелілер мен отырықшылар қарым-қатынасын олардың арасындағы қырғи қабақ қақтығыстармен және жаулап алу әрекеттерімен байланыстырады.

Бұл ретте көшпелілер белсенді роль атқарды деп есептейді. Енді бір топ зерттеушілер бұл қарым-қатынастағы көшпелілердің орнын төмендетіп көрсетуге тарысады.

📎 Көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас заманға қарай, әртүрлі аймақта әрқалай болды. Олардың қарым-қатынасында қақтығыс, бейбітшілік, шаруашылық, сауда әрі мәдени әсерлер аз болған жоқ.

📎 Мәселен, экономикалық жағдайда мал кәсібімен айналысатын көшпелілер отырықшылардан егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын алды. Ал отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары отырықшы және көшпелі елдер арасында қарқынды түрде іске асты.

📎 X—XII ғасырларда қалыптасқан қала мәдениеті жағдайында қолөнер мен сауда дамыған кезде отырықшы өркениет көшпелілердің экономикалық қарым-қатынастарының қажетті құрамды бөлігіне айналды.

📎 Бұл кездегі көшпелілер мен отырықшылардың қарым-қатынасы қалаларды жаулап алудан бастап, қарапайым айырбаска дейін түрлі сипатта болды. Осы сәтте қала мәдениетінің өсуі, мүлік теңсіздігінің күшеюі көшпелілерді қызықтыра түсті.

📎 Қалалар көшпелілердің сауда-саттық жасайтын орталықтарына айналды. Қарлұқтардың, тоғыз-оғыздардың жартылай отырықшылыққа айналуы жөнінде ортағасырлық авторлар жазып өткен.

📎 Көшпелілердің Азия мен Еуропада қағанаттар түріндегі ерте мемлекеттіліктерінің пайда болуы 1-мыңжылдықтың екінші жартысындағы аймақтық әлеуметтік-саяси, экономикалық ерекшеліктерін анықтаушы фактор болды.