🔍 Жәрмеңкелік сауда мал шаруашылығымен айналысатын және отырықшы диқандардың екі арасында қарқынды дамыды. Сауданың бұл түрі мал сатушы қазақтарға өте тиімді болды. Олар жәрмеңкеде өздерінің малдарын әрі мал өнімдерін көп айырбастай алды.
🔍 Жәрмеңкелік сауданың кеңінен өріс алуына бірқатар себептер болды.
📌 Біріншіден, Қазақстанның негізгі халқы көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ұстанды. Мұндай жағдайда олардың өз малдарын үлкен жәрмеңкелерде көптеп сатуы және егіншілікпен айналысатын отырықшы халықтан азық-түлік өнімдерін молынан сатып алуы өте қолайлы болды.
📌 Екіншіден, қазақтың кең-байтақ даласындағы жол жүйесі нашар дамыған еді.
📍Қазақстандағы неғұрлым атақты ірі жәрмеңкелер Қарқаралы уезіндегі Қоянды-Ботов, Ақмола уезіндегі Константинов-Еленов, Атбасар уезіндегі Петров, Орал облысындағы Ойыл және Темір, Верный уезіндегі Қарқара, Жаркенш, Сырдария облысындағы Әулыеата, Семей уезіндегі Шар, Павлодардағы Тайыншакөл жәрмеңкелері болды.
📍1900 жылы қазақ өлкесінде 104 жәрмеңке бар еді. Олардағы сауданың жылдық айналымы 32,7 миллион сомға дейін жетті.
📍Жәрмеңкелерге әкелінетін тауарлар үш топқа бөлінетін. Қазақтардың тауарлары мал және мал өнімдері, тері-терсек, жүн-жұрқа, киіз, текемет сияқты заттар болатын.
📍Жәрмеңкелерге Ресейдің еуропалық бөлігінен киім-кешек, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтар, үн, шай, қант, білтелі шамдар, сабын, фарфордан және темірден жасалған тұрмыстық бұйымдар жеткізілетін.
📍Ал Орта Азия саудагерлері түрлі шапан, кілемдер, жібек және мақта-мата кездемелерін, ертұрман әбзелдерін, сондай-ақ кептірілген жеміс-жидек өнімдерін сататын.