Көшпенді қазақтарда плагиат ақшалар болғанын білесің бе?

Автор: редактор 21 марта, 2022


🔍 Алдыңғы жазбада Ұлы жібек жолының өркендеуінен қазақ жерінде қытайлардың ушу монеталары қолданыста болғанын айтып өткенбіз. Осыдан кейін Оңтүстік Қазақстан және Жетісу қалаларында Қытайдың басқа кайюань тунбао монеталары пайдаланыла бастады. Бұл Қытайдың қазіргі замандағы валютасының атымен ұқсас. Дегенмен VIII ғасырда қытайдың ақша монополиясын соғдылар бұзды.

🔍 Шығыс Ираннан шыққан бұл халық бүкіл Жібек Жолының бойымен сауда жасады. Сонымен қатар Түркі қағанына бағынышты Қазақстан аумағындағы қалалардың негізгі халқын құрады. Олар Қытайдан бастап Иранға дейінгі көптеген керуен сарайларды ұстады.

🪙 Соғдылар алдымен еш өзгертпестен Қытай монеталарын соқты. Қазір осыны қарақшылық көшірмелер, яғни плагиат деп айтуға болады.

Ал содан соң оларда соғды тіліндегі жазулар мен пышақ түріндегі бұқар белгісі пайда бола бастады.

🪙 Қытай және соғды монеталарының көпшілігі Отырардың қалалық базарын қазу кезінде табылды.

VII—VIII ғасырда Еуропа қалаларында құлдырау басталған кезде Орта Сырдарияда — керісінше қалалар мен сауда гүлдене бастады. Бұл қалалар өздерінің қола монеталарын соға бастады. Алайда үлгі ретінде соғды монеталарын алды. Осылайша, қазақ жерінде соғдылар мен қытайлардан алынған көшірме ақшалар пайда болды.

Бірақ аймақтағы қытайда шығарылған ақша «жадына» сақталып калған жоқ, мұны монеталардағы шаршы тесіктер растайды. Аталмыш ақшалар бізде екі ғасыр бойы айналыста болды.