🖇 Жібек жолы бастапқыда қытай жібегін Батыс елдеріне шытаруға қызмет етті. Өз кезегінде, онымен Римнен, Византиядан. Үндістаннан, Ираннан, кейінірек Еуропа мен Русьтен өндірілетін тауарлар тасылды.
🔗 Бұлар — мирро мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мускат жаңғағы, өміртамыр, кілемдер мен маталар, бояулар мен минералдық шикізат, алмас пен яшма, янтарь мен маржан, піл сүйегі, құйма күміс пен сом алтын, аң терілері мен теңгелер, садақтар мен жебелер, семсерлер мен найзалар.
🔗 Жібек жолымен сату үшін Ферғананың асыл тұқымды аттары, араб және нисия арғымақтары, түйелер мен пілдер, мүйізтұмсықтар мен арыстандар, барыс пен киіктер, қаршыталар мен сұнқарлар, тотықұстар мен түйеқұстары да болды.
🔗 Бәрі жібек жолы арқылы тарады. Алайда сауда жасалатын негізгі зат жібек болып қала берді.
🔗 Жібек жолымен тасылатын жібек пен басқа тауарлар да Қазақстан бөлігінде тұрған қалаларда қалып отырған. Мұны археологиялық деректеи дәлелдейді.
🔗Отырар алқабындағы Мардан қорымын қазған кезде қабірлердің біреуінен қытайдың біздің заманымыздағы I — IV ғасырларға жататын жеті «У-шу» теңгесі шықты. Бұл теңгелердің князь Чжан-Цзянның жолымен Батысқа, соның ішінде Кангюй мемлекетінің орталығы орналасқан Сырдарияның орта тұсына бет алған сауда керуендерімен байланысы болғанына дау жоқ.
🔗 Батыспен байланысты қымбат тұратын заттар арасынан Жетісудан табылтан күміс құмыраларды атап өту керек. Онда византиялық үлгіге ұқсас крестер түрінде қалыппен өрнек салынған.
🔗 Жамбыл қаласында Тараздың орнынан І Юстианның византиялық алтын солиді табылды. Оның бір бетінде дулыға киіп, найза мен қалқан ұстаған император, екінші бетінде қолына крест ұстаған Жеңіс құдайы бейнеленген.