📜 Тарих беттеріне бойласақ, үйсіндер ең мықты мемлекет қана емес әрі ең бай ұлыстың бірі болған. Қазіргі тілмен айтқанда миллионерлер мекені болып есептелді. Себебі олар өз заманында жан-жақты дамудың барлық түрін меңгерді.
⠀
🔗 Үйсін мемлекетінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы оның көршілес елдермен, тайпалармен саяси-экономикалық және мәдени байланыстар орнатып, дамыуына мүмкіндік жасады. Нақтырақ айтсақ, олар Батыс пен Шығыс арасындағы көпір болды. Осы арқылы үйсіндер үлкен олжаға кенелді. Бұлай деп айтуымыздың бірнеше себебі бар.
⠀
Біріншіден — елге қазыналық пайда әкелді.
⠀
Екіншіден — мәдениеті дамыды.
⠀
Үшіншіден — шаруашылықпен айналысты.
⠀
Төртіншіден — саудасы қарқынды жүрді.
⠀
🔗 Үйсіндердің бай болуына түрткі болған тағы бір жағдай халық санының артуы мен табиғат жағдайының қолайлығы болды. Бұл кез келген кәсіптің дамуына үлкен септігін тигізді. Сонымен қатар ақпарат көзінің жан-жақты келуі — олардың таным көкжиегіне де әсерін тигізді.
⠀
⛰ Экономикасының өркендеуіне тән басты саласы: мал шаруашылығы болды. Ал қолайлы табиғи ресурс саналған мекені Жетісу өңірі еді. Бұл жерде шаруашылық қарқынды дамыды. Әлі күнге дейін Жетісу жерінде ауқатты адамдар өмір сүреді.
⠀
Сонымен қатар үйсіндер жылқыны қолға ерте үйреткен халық.🎠«Хəннама. Үйсін баянында»: олардың “Елінде жылқы көп. Байларында 4-5 мың жылқы бар” делінген. “Шижюн ханшаны айттырғанда “қалыңға мың жылқы” айдатқанының өзінен-ақ жылқы санының көп болғанын байқауға болады.
⠀
🔗 Бүгінде ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, үйсіндерде малдың жалпы саны 4 миллион 536 мыңнан асқан деген болжам бар. Бұған дәлел ретінде обалардан табылған бағалы дүниелерді келтіруге болады. Өйткені олар өте ауқатты мемлекеттің ғана қолынан келетін — көп еңбеккүш пен көптеген азық-түлікті, қаржыны қажет ететін алып та ауыр құрылыстар еді.