Миллионер үйсіндер

Автор: редактор 07 Наурыз, 2022


📜 Тарих беттеріне бойласақ, үйсіндер ең мықты мемлекет қана емес әрі ең бай ұлыстың бірі болған. Қазіргі тілмен айтқанда миллионерлер мекені болып есептелді. Себебі олар өз заманында жан-жақты дамудың барлық түрін меңгерді.

🔗 Үйсін мемлекетінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы оның көршілес елдермен, тайпалармен саяси-экономикалық және мәдени байланыстар орнатып, дамыуына мүмкіндік жасады. Нақтырақ айтсақ, олар Батыс пен Шығыс арасындағы көпір болды. Осы арқылы үйсіндер үлкен олжаға кенелді. Бұлай деп айтуымыздың бірнеше себебі бар.

Біріншіден – елге қазыналық пайда әкелді.

Екіншіден – мәдениеті дамыды.

Үшіншіден – шаруашылықпен айналысты.

Төртіншіден – саудасы қарқынды жүрді.

🔗 Үйсіндердің бай болуына түрткі болған тағы бір жағдай халық санының артуы мен табиғат жағдайының қолайлығы болды. Бұл кез келген кәсіптің дамуына үлкен септігін тигізді. Сонымен қатар ақпарат көзінің жан-жақты келуі – олардың таным көкжиегіне де әсерін тигізді.

⛰ Экономикасының өркендеуіне тән басты саласы: мал шаруашылығы болды. Ал қолайлы табиғи ресурс саналған мекені Жетісу өңірі еді. Бұл жерде шаруашылық қарқынды дамыды. Әлі күнге дейін Жетісу жерінде ауқатты адамдар өмір сүреді.

Сонымен қатар үйсіндер жылқыны қолға ерте үйреткен халық.🎠«Хəннама. Үйсін баянында»: олардың “Елінде жылқы көп. Байларында 4-5 мың жылқы бар” делінген. “Шижюн ханшаны айттырғанда “қалыңға мың жылқы” айдатқанының өзінен-ақ жылқы санының көп болғанын байқауға болады.

🔗 Бүгінде ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, үйсіндерде малдың жалпы саны 4 миллион 536 мыңнан асқан деген болжам бар. Бұған дәлел ретінде обалардан табылған бағалы дүниелерді келтіруге болады. Өйткені олар өте ауқатты мемлекеттің ғана қолынан келетін – көп еңбеккүш пен көптеген азық-түлікті, қаржыны қажет ететін алып та ауыр құрылыстар еді.