Оғыз мемлекетінің астанасы мен қалалары сауданың дамуына қалай әсер етті?

Автор: редактор 14 Сәуір, 2022


✍🏻 X ғасырда оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болды. Оғыз державасының саяси орталығы ретінде Янгикенттің тандап алынуына көптеген жағдайлар себеп болады. Бұлардың ішіндегі ең бастысы оның Азияның ірі егіншілік өңірлерімен, Хорезммен және Мауараннахрмен түйісуі болды.

🖇 Янгикент кимек даласы арқылы Сарысу, Қаракеңгір, Есіл және Нұра бойларына баратын маңызды керуен жолының үстінде болды. Яғни, Сығанақ пен Оңтүстік Оралға баратын сауда жолы осы қаланың үстінен өтетін еді.

🧮 X ғасыр­дың аяғы мен XI ғасыр­дың бас кезінде Оғыз елінде алым-са­лықты тиянақты түрде жи­нап оты­ру жүйесі орын ал­ды. Бұл – мем­ле­кет­те тұрақты басқару жүйесінің құрылғанын көрсе­теді. Оғыздардың көпшілігінің бас­ты кәсібі көшпелі мал ша­ру­ашы­лығы бол­ды.

🖇 Оғыз тай­па­лары­ның бір бөлігі Сырдарияның төменгі бойын қыс­тап, жайлауға Каспий маңын­дағы да­лаға көшкен. 🐑🐂 Олар негізінен жылқы, қой, ешкі, си­ыр, өгіз, түйе өсірген. Әсіре­се, қой өсіру ша­ру­ашы­лығы маңыз­ды рөл атқарған.

🐴 Сон­дай-ақ оғыз бай-фе­одал­да­ры жер қайыс­тырған қалың жылқы үйірлерін ұстаған. Көшпелі оғыз­дар түйе, оның ішінде айыр өркешті ірі түйелер өсірген. Оғыз­дар аңшы­лықпен де ай­на­лыс­ты. Оғыз ке­дей­лері Арал теңізінен, Сыр­да­ри­ядан, тағы басқа да өзен­дерден ба­лық аулап кәсіп қылған. Қала­лар­дағы үй­лер көбіне тас­тан, ағаш­тан, қамыс­тан тұрғызыл­ды.

🖇 Оғыз­дардың Сыр­да­ри­яның төменгі ағысын­да Жан­кент, Жент, Жу­ара, ал Сыр­да­ри­яның ор­та ағысын­да Қар­нақ, Сүткент, Фа­раб, Сығанақ және Са­уран қала­лары болған. Олар­да қолөнер кәсібі, со­ның ішінде мал өнімдері мен шикізат­тарды өңдеу да­мыды. Сондай-ақ құмы­рашы­лық өндірісі де өркен­деді. Олар ме­кен­дейтін аумақтар­да темір, күміс, ал­тын, мыс және асыл тас­тар өндірілді.

🖇 XI ғасыр­дың ба­сын­да Оғыз мем­ле­кеті құлды­рай бас­та­ды. Оған алым-са­лықты аяусыз жи­науға на­разы­лық білдірген оғыз тай­па­лары­ның көтерілісі се­беп бол­ды.