Орыстар қазақтың сиырына неліктен үйір болды?

Автор: редактор 23 Маусым, 2022


◾️ Сиыр елдің солтүстік аймақтарында көбірек өсірілді. Оны қоныс аударып келген орыс шаруалары көптеп сатып алатын. Отырықшы және жартылай отырықшы шаруашылықтарда ол жер жырту кезінде соқаға жегілетін күш көлігі ретінде пайдаланылды. 

◾️ Сиыр малы қалмақ сиырлары сияқты ұсақтау болып келді әрі сүтті де көп бермейтін. 

◾️Қазақ байлары өз сиырларын ежелгі дәстүр бойынша кедейлерге сауын ретінде таратып беретін. Кедейлер сиырдың сүтін сауып ішетін. Оның есесіне ол сиырлардың жемшөппен қамтамасыз етіп, бағып-күтуді, төлін аман өсіруді өз міндеттеріне алатын. Мәселен, Перовский уезінің атақты байы Біләш жыл сайын өзінің 700-ге тарта сиырын тап осылай “сауынға” беріп тұрған.

◾️ Қазақтар ешкіні негізінен тамаша түбітіне бола өсіретін. Атақты Орынбор шәлілері қазақ ешкілерінің түбітінен тоқылып келгені белгілі. Қазақта әр отар қойды бастайтын серке болады. 

◾️ Түйе түлігі негізінен айыр өркешті болып келеді. Жалғыз өркешті нар түйелер Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарында өсірілді. Қазақтар түйені көші-қон, егін шаруашылығында күш көлігі ретінде де пайдаланды. Түйені Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруалары аз да болса сатып алып жүрді.