📌 Қыздар мен жігіттер, көшпенділер экономикасына арналған тақырыпты ары қарай жалғастырайық. Бүгін “Оғыз” мемлекетінің экономикалық жағдайына тоқталып өтеміз. Өздерің білетіндей, оғыздар 766-1055 жылдар аралығында өмір сүрді. IX ғасырдың ортасында олардың саяси бірлестігі Сырдарияның орта және төменгі ағысында, Батыс Қазақстан аумағында құрылды.
🔍 Араб деректерінің мәліметтеріне сүйенсек, IX ғасырдың соңы — X ғасырдың басында оғыздарда мемлекет қалыптасты.
Оғыз мемлекетіне Арал, Каспийдің солтүстік төңірегінің тайпалары енді. Оғыздармен бірге Сырдарияға көшкен халаж, қарлұқ тайпалары, Шу мен Талас аңғарын мекендеуші жағр, шарұқ тайпалары да кірді. Сондай-ақ Шығыс Түрік тайпаларының кейбір топтары да болды. Олардың ішінде имек кимек тайпалары, байандұрлар, имурлер, кай тайпалары енді.
🔍 Оғыз мемлекетінің экономикасындағы бірінші ерекшелік — олар кең байтақ аумақты алып жатты. Батыста Ырғыз, Жайық, Жем, Ойыл, Арал маңын, Шығыста Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі жерлерді, Сырдария аңғарын, Қаратау баурайын, Шу өңірін мекендеді. Оңтүстікте Хорезм, Мәуереннахр, Хорасанмен шектесті.
Оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент немесе Жаңа Гузия қаласы болды. Янгикент өте қолайлы жерде орналасқан қала еді. Қала Хорезм, Мәуереннахрмен шектесіп, Кимектер даласы арқылы Сарысу, Кеңгір, Есіл, Нұра бойларына баратын маңызды керуен жолының үстінде орналасты. Бұл экономикалық жағдайдың дамуына тікелей әсер етті. ✔️
▪️ Оғыз мемлекетінің билеушісі «жабғу» лауазымына ие болды. Бұл мемлекеттің бір ерекшелігі жабғудың әйелі – «хатун» билікке араласты. Мүліктік теңсіздік малға, жеке меншікке негізделді. Ибн Фадлан «бай оғыз он мың бас жылқысы бар оғыз»,- деп көрсетеді. Деректерде мұндай бай топтар бай, бек, әмірлер деп аталады.
▪️ Кедей топ М.Қашғаридің «Диуани лұғат –ат түрікінде» ерлер деп аталған. Олар малға қарау, киім тігу, тамақ даярлау сияқты үй жұмыстарымен айналысқан. Махмұд Қашғари «Оғыз кедейлері ятуктер соғыстарға қатыспаған», — деп жазады. Кедей ауырып қалған жағдайда, оларды құлдар сияқты қараусыз далада қалдырған. М. Қашғари оларды йоксул, джиған деп атайды.
▪️Оғыздардың Хорезммен, Хорасанмен экономикалық байланыстары қарқынды түрде жүріп отырды. Сонымен қатар олардың малдары Хорасанда үлкен сұранысқа ие болды.
✔️Ірі сауда орталығы- Сырдарияның орта ағысындағы Сауран қаласы. Хорасаннан оғыздар еліне лазуритке ұқсас малахит пен азурит әкелінген.