XIII ғасырда етегін кеңге жайған кәсіп түрлері

Автор: редактор 04 Шілде, 2022


#көшпеліқазақэкономикасы

💭 Мал шаруашылығы мен отырықшылық қалалық өмір ХІІI ғасырдың соңында қайта жандана бастады. Шаруашылықтың 3 түрі болды. Отырықшы жер шаруашылығы Оңтүстік Қазақстанда дамыды. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы Батыс және Солтүстік Қазақстан аймақтарында жанданды. Жартылай отырықшы мал шаруашылығы Жетісуда дамыған.

◾️Монғол шапқыншылығы қалалық мәдениеттің дамуына зардабын тигізді. Іле алқабындағы қалалық мәдениет 13 ғасырдың соңы мен 14 ғасырдың басында мүлдем құрыды. Талас жағасында 1269 жылы құрылтай өткізіліп, отырықшы халық пен қала тұрғындарынан белгіленген салық көлемінен артық алуға тыйым салынған заң шығарылды. Қалалық өмірдің дамыған кезі – Ақ Орда хандары Сасы-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтайлардың билік құрған тұсы.

◾️Күлтөбе, Раң қалаларынан ыдыс жасайтын шеберхана орындары табылды. 13 ғасырдың екінші жартысынан бастап Сырдария қалаларында кірпіш күйдіру кәсібі өркендей бастаған. Отырар, Түркістан қалаларынан жергілікті шеберлер жасаған қола айналар мен шырағдандар табылды. Күмістен жасалған орама білезіктер Оңтүстік Қазақстанда және Орта Азияның солтүстік аудандарында кең тараған.

◾️Отырар, Тараз қалаларында әйнек жасау кәсібі 10-11 ғасырлардан белгілі болған. Монғол шапқыншылығынан кейін бұл кәсіп тоқырауға ұшырағанымен, 13 ғасырдың аяғында қайта жандана бастаған. Қалалық мәдениеттің дамуы адам тіршілігіне қажетті барлық кәсіптің жандануына жол ашты.