XІX-XX ғасырда пайда болған сауданың жаңа түрі жайлы не білеміз?

Автор: редактор 02 июня, 2022


🔍 XІX-XX ғасыр аралығында жәрмеңкелердің маңызы төмендей бастады. Оның бірнеше себебі болды.

📍 Біріншіден, қазақтар барлық жерде бірдей өте қарқынды түрде отырықшылыққа көше бастады.

📍 Екіншіден, уездік және облыстық орталықтар аймағында тұрақты сауда кеңінен етек алды. Сауданың бұл түрі қалаларда барынша дамыды. Қалалар фабрика-зауыттар шығаратын өнімдердің тұрақты қоймаларына айналды. Қаладан қажетті бұйымдарын қазақтар мен қоныс аударушы шаруа, қазақтар емін-еркін сатып алатын болды.

🔍 Қалаларда кең көлемді сауда жасайтын дүкендер мен дүңгіршіктер ашылды. Олардың жылдық сауда айналымының мөлшері де өсе түсті. Мәселен, ірі қалалардың бір жылдық сауда айналымы Петропавлда 4 миллион, Омбыда 3,5 миллион, Семейде 1,5 миллион, Қостанайда 0,9 миллион сомға дейін жетті.

🔍 Қалаларда тұрақты жүргізілетін сауданың күшейе түсуі ел аралап жасалатын сауда мен жәрмеңкелердегі сауданың жағдайын әлдеқайда әлсіретіп жіберді. Қазақ өлкесінде тауарлы-ақша қатынастары дами түсті.