🎬«Қара дуа»қорқынышты фильмі. Бай отбасының қызы Айжан дуаның құрбанына айналады. Оның жақындары балгерге жүгініп, қыздың үстінен дұға оқиды. Бірақ сиқырдың салдарынан Айжанның денесіне жын қонады. Басты рөлдерде: Нұрзат Болотбекова, Айсалқын Күйікбаева. Жас рейтингі: 18+
Біздің кино обзор мына жерде: https://youtube.com/shorts/xgaQIxMhJ1c?si=3yIPG9MFZTx59Fo4
🎬«Особенный доктор» мистикалық детективі. Контузиядан кейін басы ауырып жүрген запастағы әскери интернеттен “Ерекше дәрігер” деген клиниканы табады. Бұл жерде кез келген дерттен бір сеанспен айығуға уәде беріледі. Алайда ол кішкентай қыз-дәрігермен танысқан соң, өз ауруын ұмытып, балалар еңбегін заңсыз пайдаланғандарды әшкерелеуге кіріседі. Басты рөлдерде: Азиз Бейшеналиев, Галина Табала, Алексей Шемес, Шыңғыс Капин.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=nQWvjdnumDI
🎬«F1» спорттық драмасы. Формула-1 жарысының жұлдызы Сонни Хэйс 1990-жылдары болған ауыр апаттан кейін спорттан кеткен. Жылдар өткен соң жарыс командасының иесі одан команданың данышпан жас шабандозына тәлімгер әрі екінші пилот болуын сұрайды. Басты рөлдерде: Брэд Питт, Симон Эшли, Хавьер Бардем.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=TOWNc5IgoII
🎬«Шпионская свадьба» комедиясы. Тропикалық арал, танымал аспаздардан дәмді ас, ақ көйлек – бәрі мінсіз той үшін дайын. Бірақ қалыңдықтың жан құрбысы – әлемдік қылмыстық ұйымдар көздеген құпия агент. Мереке қарсаңында қарулы жалдамалылар бай қонақтарды кепілге алады… Басты рөлдерде: Ребел Уилсон, Анна Кэмп. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Yag1EHaGFyA
🎬«Великая Лилиан Холл» өмірбаяндық драмасы. Аты аңызға айналған Бродвей актрисасы Лилиан Холл жаңа рөлге дайындалып жүр. Бірақ ол тез өршіген деменциямен күресіп, театрға деген махаббатын соңғы рет сахнада көрсетуге тырысады. Басты рөлдерде: Джессика Ланг, Пирс Броснан. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=rztMyqFzEzU
🎬«М3ган 2.0» триллері. М3ГАН-ның қанды оқиғасынан екі жыл өткен соң, оның жасаушысы Джемма жаңа қауіп – әскерилер жасап шығарған Амелия атты кибер-қауіпті тоқтату үшін М3ГАН-ды қайта тірілтуге мәжбүр болады. Басты рөлдерде: Джемейн Клемент, Эллисон Уильямс. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=_KpAXPQBGIs
🎬» Астрал. Остров проклятых» қорқынышты фильмі. Жас жігіттер мен қыздар яхтамен серуен кезінде беймәлім аралға тап болады. Бұрын мұнда психиатриялық аурухана болған екен. Аралда қамалған зұлым рухтар бостандыққа ұмтылады… Басты рөлдерде: Тускя Намя, Ханна Ханнон. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=eMiGgMlMXIw
🎬«100% тигр» мультфильмі. Тео — тасман жолбарысы, өз түрінің соңғы өкілі. Оны сәби кезінде кенгурулар тауып алып, өсірген. Бірақ бір күні Тео өз өткені мен түп-тамыры туралы аян көріп, жоғалған отанын құтқаруға аттанады.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=DhPoDnQt0i8
🎬«Джамбо и маленькое приведение» мультфильмі. Донды бәрі “Джамбо” деп атайды — ол толық, шапшаң емес және спортқа ебі жоқ. Бірақ ол өзін дәлелдегісі келіп, “Голос” ән байқауына қатысуға бел буады. Оған көмектесуге кішкентай, сүйкімді елес келеді.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=YO4koXGXj3o