Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз.
АЛМАТЫ:
🌑Орталық музейдегі “Музей түні”
Музей жылына бір-ақ рет қойылатын бірегей әрі сирек экспонаттарды тамашалауға шақырады.
Өтетін орны: Орталық мемлекеттік музей, Самал-1 ықшамауданы, 44-үй.
Күні: 17 мамыр, 18:00-23:00
🌺Баха Бүбіханова атындағы заманауи өнер байқауының финалистер көрмесі
Заманауи өнерге арналған бұл байқауға биыл 24 қаладан 124 суретшінің және 6 шығармашылық топтан барлығы 130 өтінім түскен. Солардың ішінен қазылар алқасы 10 үздік финалисті таңдап алды. Көрмеге қойылған жұмыстардың идеялық өзегі — болмыс пен қоғам құрылымын зерттеу.
Өтетін орны: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140
Күні: 17 және 18 мамыр, 11:00 – 19:00
💐Ә. Қастеев атындағы өнер музейіндегі “Музей түні”
Мерекелік бағдарлама екі бөлімге бөлінген. Сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін жас өнерсүйер қауымды шеберлік сабақтары, ашық аспан астындағы сурет салу (пленэр), квест-ойындар күтеді.
Өтетін орны: Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі, Көктем-3 шағынауданы, 22/1-үй.
Күні: 18 мамыр, 14: 00-00:00
🙄«Zat» көрмесі
“Zat” көрмесінде көрермен күнделікті тұрмыстағы заттардың мүлде басқа қырынан таныстырылуына куә болады.
Орналасқан жері: Efes Art Space, Желтоқсан даңғылы, 137
Күні: 17 және 18 мамыр, 10:00 – 19:00
🤗“Volcano” заманауи керамика көрмесі
Санкт-Петербургтен келген керамист-суретші Екатерина Тюмина бірнеше жыл бойы жанартаулардың атқылау үдерістерін зерттеп, сол негізде жасаған жұмыстарын назарға ұсынады.
Өтетін орны: “Өнер” арт-кеңістігі, Шевченко көшесі, 51.
Күні: 17 мамыр, 10:00 – 19:00
🤗«Ұлы Жеңіс – ерлікке құрмет, ұрпаққа өнеге” атты сурет және мүсін көрмесі
Бұл көрме – Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толуына байланысты ұйымдастырылып отыр. Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың азабын тартқан, елі үшін жанын пида еткен боздақтарды еске алу — әр буынның парызы. Көрме — сол бір алмағайып кезеңнің елесінде қалған қайсарлықты, отансүйгіш рухты, ерлік пен азаттық жолындағы күрестің маңызын ұрпақ санасына сіңіруді мақсат етеді.
Өтетін орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 17 және 18 мамыр, 11:00 – 19:00
АСТАНА:
😍Ұлттық музейде “Музей түні”
Кеш қонақтарын театрландырылған экскурсиялар, шеберлік сағаттары, қызықты квесттер, кітаптар мен қолөнер жәрмеңкелері, цирк әртістерінің өнері, алуан түрлі концерттік бағдарлама, DJ-сет және тағы да басқа қызықты шаралар күтеді.
Өтетін орны: Ұлттық музей, Тәуелсіздік даңғылы, 54
Күні: 18 мамыр, 10: 00-00:00
🙌«Керісінше” көрмесі
Forte Kulanshi Art Space кеңістігінде өтетін “КЕРІСІНШЕ” атты көрме – екі түрлі мәдениет пен көркемдік көзқарастың тоғысқан тұсы.Қытай суретшісі Лу Лин мен қазақ график-суретшісі, QYZYLZHEBE лақап атымен танымал Ілияс Дәулбаев көрерменге ойлы, терең мағынаға толы диалог ұсынады.
Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1 КЕРІСІГЕ» көрмесі
Күні: 17 және 18 мамыр, 10:00 — 20:00
ШЫМКЕНТ:
👀Бейнелеу өнері музейінде “Музей түні”
Халықаралық музейлер күніне орай Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Шахар-Бану Әлімқұлованың жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Кеш барысында қонақтар үшін мазмұнды экскурсиялар мен естелікке фотосессиялар ұйымдастырылады.
Өтетін орны: Бейнелеу өнері музейі, Мадели Қожа көшесі, 2Б
Күні: 18 мамыр, 10:00-17:00
Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!