Қайда тегін баруға болады?(19,20 сәуір)

Автор: редактор 19 апреля, 2025


Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз.

АЛМАТЫ:

Айжан-Сара Жәнсейітованың «Жанымның сыбыры» көрмесі

Алматыдағы Almaty Gallery көрме залында суретші Айжан-Сара Жәнсейітованың «Жанымның сыбыры» атты жеке көрмесі ашылды. Экспозицияда автордың 50 кескіндемелік туындысы ұсынылған. Әрбір шығармада өмір жолындағы таңдау тақырыбы көтеріледі — адам жарық пен қараңғының қайсысын таңдайды, тағдыр соған қарай өрбиді. Суретшінің айтуынша, бұл — жанның үнсіз әңгімесі, жүректен шыққан ішкі сыбыр. Көрермен туындыларды жай ғана тамашалап қоймай, олардың астарына үңіліп, ой түйгенін қалайды. Осы мақсатта Айжан-Сара әрбір жұмысына шағын әдеби эсселерді тіркеп отырған.

Өтетін орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 19 және 20 сәуір, 11:00 – 19:00

«Zat» көрмесі

“Zat” көрмесінде көрермен күнделікті тұрмыстағы заттардың мүлде басқа қырынан таныстырылуына куә болады. 13 заманауи қазақстандық суретші мен дизайнердің қолында қарапайым бұйымдар — жиһаз, кескіндеме, зергерлік әшекейлер, керамика мен жарық инсталляциялары — жаңа мағынаға ие болады. Әрбір зат тек тұрмыстық қызметімен шектелмей, автордың ішкі жан толғанысын, ой-толғамын жеткізетін ерекше көркем образға айналған.

Орналасқан жері: Efes Art Space, желтоқсан даңғылы, 137
Күні: 19 және 20 сәуір, 10:00 – 19:00

«Ancient Futures: Мұраны, Қолөнерді және Экологияны Зерттеу» көрмесі

Бұл көрме – өткен мен болашақтың арасындағы көпір. Мұнда ежелгі дәстүрлі білім мен қазіргі биотехнологиялар тоғысады. Шеберлер мен зерттеушілердің еңбектері арқылы көрермен мәдениеттер мен дәуірлердің қиылысында тұрған, табиғатпен үйлесімді өмір сүру жолын іздейтін көркем әрі философиялық ойға бойлайды.

Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79
Күні: 19 және 20 сәуір, 12:00 – 17:00

Саунд-арт инсталляция «T1/2»

«T1/2» — бұл Камилла Нарышева мен Вики Кларктың бірлескен жобасы, Семей ядролық сынақ полигонында жасалған далалық жазбаларға негізделген. Инсталляция — көрінбейтін, бірақ сезілетін іздерді тасымалдайтын, жердің жады мен үнсіз шежіресін жеткізетін дыбыстың мүмкіндігін зерттейді. Бұл – есту арқылы өткеннің даусын естуге, тыныштықтағы тарихты сезінуге арналған терең туынды.

Өтетін орны: 101 Dump Gallery, Панфилов көшесі, 101, домофон 1
Күні: 19 және 20 сәуір, 14:00 – 22:00

Георгий Макаровтың “Бір Тау жайлы хикая” көрмесінің ашылуы

Суретшінің туындылары сізге бірегей әлемнің есігін ашады – мұнда Тау бейнелі баяндаудың басты кейіпкеріне айналып, абстракция мен фигуративтік үндесіп, терең мағыналы көркем образдар тудырады. Сізді мәтін, дыбыс пен бейнелер тоғысқан ерекше атмосфера күтеді.

Орны: Ular галереясы, Панфилов көшесі, 92
Күні: 19 сәуір, 12:00-18:00

Spring Art Fair көрмесі

Spring Art Fair — көктемнің шуағындай жарқын өнер мерекесі. Бұл алаңда Қазақстанның танымал суретшілері мен жас таланттары өздерінің ең үздік туындыларын ұсынады. Көрме аясында авторлармен кездесулер, поэзиялық кештер, танымдық дәрістер мен шеберлік сабақтары өтеді. Өнерге жақын жандар үшін шабыт пен жаңғырыққа толы сәттер күтіп тұр.

Өтетін орны: Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3-қабат)
Күні: 19 және 20 сәуір, 10:00 – 20:00

АСТАНА:

“Тезек” көркем фильмінің көрсетілімі

“Тезек” фильмі — бір күннің адам өмірін қалай төңкеріп тастай алатынын баяндайтын оқиға. Жеребе жоғалады, үйге шаян кіреді, далада шағыл шабуылдайды, тоқ соғады, ал босану — күтпеген жерден, кең далада басталады. Кәдімгі бір табыншының отбасы бір күнде тағдырдың сын сағаттарына тап болады. Олар бұл сынақтан өте ала ма?

Өтетін орны: LM Kulanshi Art, Hayat тұрғын үй кешені, Қасым Аманжолов көшесі, 22А
Күні: 19 сәуір, 14:00

«Портреттер емес» көрмесі

Белгілі грузин фотографы Гио Кардаваның жұмыстары көрерменді адам мен өнерге, тіпті өзіне де өзгеше қырынан қарауға шақырады. Бұл – өткен мен болашақтың, дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысқан тұсы. Онда әрбір сурет терең ойға батырып, жүректен орын алады. Сондай-ақ өз алдына бөлек бір сыр шертеді.

Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1
Күні: 19 және 20 сәуір, 10:00 — 20:00

SONS OF THE SHAMAN көрмесі

Нигериялық суретші Мосес Зибор мен қазақстандық суретші Сәулет Жәнібектің бұл көрмесі көрерменді руханият, дәстүр мен бірегейлік жайлы сұхбатқа шақыратын мәдениеттер арасындағы сапарға жетелейді.

Өтетін орны: LM Kulanshi Art, Hayat тұрғын үй кешені, Қасым Аманжолов көшесі, 22А
Күні: 19 және 20 сәуір, 10:00 — 16:00

Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!