Қайда тегін баруға болады?(21,22 наурыз)

Автор: редактор 21 марта, 2025


Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы, Шымкент, Түркістан және Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз.

АЛМАТЫ:

Асқар Есдәулеттің «көктемгі об’сракт » көрмесі

Қайталанбас қолтаңбасы бар қазақ суретшісі өз жұмыстарын алғаш рет кең ауқымды көрерменге ұсынады. Көрмеге автордың он жылдан астам уақыт бойы жасаған 50-ге жуық картинасы мен 15 мүсіні қойылады.

Өтетін орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 21, 22, 23, 24 және 15 наурыз, 11:00 – 19:00

Juldyzdy Almaty фестивалі

Қонақтар танымал өнерпаздардың қатысуымен өтетін концертті тамашалай алады. Сондай-ақ спорттық сайыстар, қолөнер жәрмеңкесі мен отбасылық шаралар ұйымдастырылады. Көрермендер үшін көз тартарлық фотозоналар мен өнер нысандары орнатылады.

Орны: Астана алаңы
Күні: 21 және 22 наурыз, 18:00

«Шуақты қаладан жеткен отбасылық мұралар” көрмесі

Бұл көрмеде белгілі суретшілер Григорий мен Олег Пономаренконың жеке коллекциялары мен MPL Sarl қорының жинағынан алынған картиналары ұсынылады.

Өтетін орны: Ular Gallery, Панфилов көшесі, 92.
Күні: 24 және 25 наурыз, 12:00 – 18:00

«Наурыз тойы — мерекем, салт-дәстүрім — берекем» кітап жәрмеңкесі

Қонақтар жазушылармен және публицистермен жүздесіп, ақындар мен дәстүрлі өнер өкілдерінің өнерін тамашалай алады.

Орны: Арбат
Күні: 21, 22, 23 және 24 наурыз, 11: 00 – 15:00

«Костюм киген адам” көрмесі

Қазақстандық суретші Басма өз еңбектерінде қарапайым адамның саясаткер, шенеунік не кәсіпкер болған сәтінен бастап қалай өзгеретінін бейнелейді. Костюм, жейде не галстук киген сәттен бастап, адам ақырындап өзге күйге ене бастайды. Уақыт өте келе, костюм адамға толық билік жүргізіп, оның санасын қарапайым халықтың мұң-мұқтажынан алшақтатады.

Өтетін орны: “Өнер” арт-кеңістігі, Шевченко көшесі, 51
Күні: 24 және 25 наурыз, 10:00 – 19:00

Nauryz Fest фестивалі

Бұл шара мәдени мұра мен заманауи технологияларды тоғыстырады.

Орны: Абай Алаңы
Күні: 21, 22, 23 және 24 наурыз, 10:00 – 16:00

АСТАНА:

«Портреттер емес» көрмесі

Белгілі грузин фотографы Гио Кардаваның жұмыстары көрерменді адам мен өнерге, тіпті өзіне де өзгеше қырынан қарауға шақырады. Бұл – өткен мен болашақтың, дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысқан тұсы. Онда әрбір сурет терең ойға батырып, жүректен орын алады. Сондай-ақ өз алдына бөлек бір сыр шертеді.

Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1
Күні: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз, 10:00 — 20:00

ШЫМКЕНТ:

Гала-концерт

Эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін мерекелік концерт.

Орны: Астана Алаңы
Күні: 21 наурыз, 19:00

Түркістан:

«Көне түркі мұрасы” ұлттық қолөнер көрмесі.

Орны:»Этноауыл» кешені
Күні: 21 наурыз, 13:00

«Ән мен әнші” концерті

Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілуіне орай өтетін мерекелік концерт.

Орны: «Керуен Сарай» алаңы
Күні: 21 наурыз, 19:30

Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!