Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге қалдыра аласыз.
АЛМАТЫ:
🗣️Саид Атабековтың “Мың салт аттының дұғасы” көрмесі
Қазақстанның заманауи өнерінде жетекші орын алатын суретшілердің бірі туындылары арқылы дәстүр мен заманауи құндылықтарды, сондай-ақ дәстүрдің мәдени бірегейлікті қалыптастырудағы рөлін зерттейді. Оның туындылары көрермендерді өткенге, бүгінге және болашаққа ой жүгіртуге шақырып, жаһандық өзгерістер жағдайында ұлттық сана мен мәдени кодтардың өзара байланысын зерделейді.
Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140 а/3
Күні: 22 және 23 ақпан, 12:00 – 18:00
👣Коньки тебу
Баршаңызды Алматыдағы ең үлкен мұз айдынында коньки тебуге шақырамыз! Өз конькиіңізбен келетін болсаңыз, сырғанау тегін. Сондай-ақ жақын жерде конькиді жалға беру (бағасы — 1500 теңге) қызметі де бар.
Өтетін орындары: Наурызбай ауданы әкімдігі алдындағы алаң (мкр. “Шұғыла”, 347) және Алматы Арена (мкр. “Нұркент, 7)
Күні: 22 және 23 ақпан, 10:00-22:00
🦾Алтана Енишеваның «Songs about love» жеке көрмесі
Махаббат туралы ән – бұл қоштасу мен қауышу, өткен шақ пен қиял жайлы сыр. Махаббат әндері – жалғыздықпен күрес, ішкі толғаныстың көрінісі. Алтана Аюшева өз картиналары арқылы осы сезімдерді бейнелеп, ұрпақтар мен мәдениеттерді байланыстырады.
Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79.
Күні: 22 және 23 ақпан, 12:00 – 17:00
👤«Костюм киген адам” көрмесі
Қазақстандық суретші Басма өз еңбектерінде қарапайым адамның саясаткер, шенеунік не кәсіпкер болған сәтінен бастап қалай өзгеретінін бейнелейді. Костюм, жейде мен галстук киген сәттен бастап, адам біртіндеп өзге күйге ене бастайды. Уақыт өте келе, костюм адамға толық билік жүргізіп, оның санасын қарапайым халықтың мұң-мұқтажынан алшақтатады.
Өтетін орны: “Өнер” арт-кеңістігі, Шевченко көшесі, 51.
Күні: 22 ақпан, 10:00 – 19:00
👋«Таңбалар” көрмесі
Бұл — Алина Авдонинаның өнерден де биік тұратын бірегей жобасы. Мұнда ол әр адамға үндеу жолдап, ішкі жанайқайы арқылы көмек сұрайды. Суретші Қазақстандағы тоғандар мен саябақтарда жиналған пластиктен және басқа да қалдықтардан картиналар жасайды. Әрбір картина тек сұлулық емес, сонымен қатар терең мағына, табиғатымызды қорғаудың маңыздылығын еске салады.
Орналасқан жері: Ular Gallery, Панфилов, 92
Күні: 22 ақпан, 12:00 – 18:00
🌳«Орманның екінші беті” көрмесі
Жас болса да, әлемге танылып үлгерген суретші Лу Лин заманауи қытай кескіндемесінің авторлық үлгісін ұсынады. Оның жұмыстары қытай менталитеті мен әлемдік мәдениеттің синтезіне негізделген.
Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 22 және 23 ақпан, 11:00 – 19:00
🌷«Әлемнің бір негізі” көрмесі
Катерина Никонорованың туындылары көрерменді уақыт кеңістігіне саяхатқа жетелеп, табиғат пен өркениет арасындағы байланыс туралы терең ойға батырады.
Орналасқан жері: Esentai галереясы, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3 қабат)
Күні: 22 және 23 ақпан, 10:00 – 20:00
АСТАНА:
🍀ANAU MYNAU көрмесі
Бұл көрме Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 35 дарынды суретшіні біріктіреді. Олар кескіндеме мен графика бағытында жұмыс істейді. Жас авторлардың еңбектерінен әлемді тануға, өз орнын табуға және өнер арқылы үнін жеткізуге деген ұмтылыстарын сезінуге болады.
Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1
Күні: 22 және 23 ақпан, 10:00 — 20:00
Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз.Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!