Қайда тегін баруға болады?(26,27 қаңтар)

Автор: редактор 25 января, 2025


Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана  қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге қалдыра аласыз.

 

АЛМАТЫ:

🥳 екінші беті” көрмесі

Жас болса да, әлемге танылып үлгерген суретші Лу Лин заманауи қытай кескіндемесінің өзіндік авторлық үлгісін ұсынады. Оның жұмыстары қытай менталитеті мен әлемдік мәдениеттің синтезіне негізделген. Суретшінің туындылары әлемнің көптеген белгілі галереяларына қойылған, ал бұл көрме Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44

Күні: 25 және 26 қаңтар, 11:00 – 19:00

 

😇Коньки тебу

Баршаңызды Алматыдағы ең үлкен мұз айдынында коньки тебуге шақырамыз! Өз конькиіңізбен келетін болсаңыз, сырғанау тегін. Сондай-ақ жақын жерде 1500 теңгеге коньки жалға беру қызметі де бар.

Өтетін орындары: Наурызбай ауданы әкімдігі алдындағы алаң (мкр. “Шұғыла”, 347) және Алматы Арена (мкр. “Нұркент, 7)

Күні: 25 және 26 қаңтар, 10: 00-22:00

😇“Әлемнің бір негізі” көрмесі

Катерина Никонорованың туындылары көрерменді уақыт кеңістігіне саяхатқа жетелеп, табиғат пен өркениет арасындағы байланыстар туралы терең ойға батырады. Қазақстандық суретші Катипа апай есімімен де танымал. Оның шығармашылығы ежелгі тәңіршілдікке тамыр тартып, рухани өткен мен қазіргі өмірді үйлестіре бейнелейді.

Орналасқан жері: Esentai галереясы, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3 қабат)

Күні: 26 қаңтар, 10:00 – 20:00

 

🥸Саид Атабековтың “Мың салт аттының дұғасы” көрмесі

Қазақстанның заманауи өнерінде жетекші орын алатын суретшілердің бірі туындылары арқылы дәстүр мен заманауи құндылықтарды, сондай-ақ дәстүрдің мәдени бірегейлікті қалыптастырудағы рөлін зерттейді. Оның туындылары көрермендерді өткенге, бүгінге және болашаққа ой жүгіртуге шақырып, жаһандық өзгерістер жағдайында ұлттық сана мен мәдени кодтардың өзара байланысын зерделейді.

Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140 а/3

Күні: 25 және 26 қаңтар, 12:00 – 18:00

 

😍«Өмір ағашы» көрмесі

Бұл көрмеде танымал алты суретшінің туындылары ұсынылады. Олар әйелдердің Қазақстан тарихындағы орны мен маңызын бейнелейді.

Өтетін орны: Орталық көрме залы, Желтоқсан көшесі, 137

Күні: 25 және 26 қаңтар, 10:00 – 19:00

 

😅«Мұзды аспан» көрмесі 

Суретші Эльвира Григорьян өз жұмысында екі бейнелеу тілін – керамика мен фотосуретті біріктіреді. Өнердің бұл екі түрлі тәсілі аспанды түсінуге арналған құралға айналады. Ол жақын және алыс, дерексіз және нақты, өзгермелі әрі тұрақты болып келеді.

Өтетін орны: “Өнер” арт-кеңістігі, Шевченко көшесі, 51

Күні: 25 және 26 қаңтар, 10:00 – 19:00

 

😜Қағаз көрмесі 

Көрмеде қағаздан жасалған өнер 

туындылары ұсынылады. Экспозицияда 1980 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі танымал қазақстандық суретшілердің жасаған бірегей жұмыстары қойылған. 

Орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79 Қағаз көрмесі

Күні: 25 және 26 қаңтар, 11:00 – 19:00

 

 

АСТАНА:

 

🗣ANAU MYNAU көрмесі

Бұл көрме Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 35 дарынды суретшіні біріктіреді. Олар кескіндеме мен графика бағытында жұмыс істейді. Жас авторлар туындылары арқылы әлемді терең түсіне отырып, өз орындарын табуға әрі өнер арқылы өзін көрсетуге ұмтылған.

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 25 және 26 қаңтар, 10:00 — 20:00

 

Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін! Баршаңызға сәттілік!