Қайда тегін баруға болады?(9,10 мамыр)

Автор: редактор 09 мая, 2025


Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз. 

 

АЛМАТЫ:

«Ұлы Жеңіс – ерлікке құрмет, ұрпаққа өнеге” атты сурет және мүсін көрмесі

Бұл көрме – Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толуына байланысты ұйымдастырылып отыр. Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың азабын тартқан, елі үшін жанын пида еткен боздақтарды еске алу — әр буынның парызы. Көрме — сол бір алмағайып кезеңнің елесінде қалған қайсарлықты, отансүйгіш рухты, ерлік пен азаттық жолындағы күрестің маңызын ұрпақ санасына сіңіруді мақсат етеді.

Өтетін орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44

Күні: 9, 10 және 11 мамыр, 11:00 – 19:00

 

👣Дрон шоуы

9 мамырда Алматы аспанында батырлық пен рухты паш еткен ерекше көрініс өтеді.

Өтетін орны: Абай алаңы, Достық даңғылы мен Абай көшесінің қиылысы

Күні: 9 мамыр, 21:00. Алдын ала келіңіз, себебі көшелер жабылады

 

👤Баха Бүбіханова атындағы заманауи өнер байқауының финалистер көрмесі

Заманауи өнерге арналған бұл байқауға биыл 24 қаладан 124 суретшінің және 6 шығармашылық топтан барлығы 130 өтінім түскен. Солардың ішінен қазылар алқасы 10 үздік финалисті таңдап алды. Көрмеге қойылған жұмыстардың идеялық өзегі — болмыс пен қоғам құрылымын зерттеу.

Өтетін орны: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140

Күні: 10 мамыр, 14:00

 

😻«Zat» көрмесі

“Zat” көрмесінде көрермен күнделікті тұрмыстағы заттардың мүлде басқа қырынан таныстырылуына куә болады.

Орналасқан жері: Efes Art Space, Желтоқсан даңғылы, 137

Күні: 9, 10 және 11 мамыр, 10:00 – 19:00

 

👏Spring Art Fair көрмесі

Spring Art Fair — көктемнің шуағындай жарқын өнер мерекесі. Бұл алаңда Қазақстанның танымал суретшілері мен жас таланттары өздерінің ең үздік туындыларын ұсынады.

Өтетін орны: Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3-қабат)

Күні: 9, 10 және 11 мамыр, 10:00 – 20:00

 

 

АСТАНА:

 

👀Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу

Жеңіс құрметіне шамамен төрт мыңнан астам отшашу атылады. Аспанды жарыққа бөлейтін бұл көрініс – батыр бабаларға тағзымның, ел бірлігінің және ұрпақ сабақтастығының белгісі болмақ.

Өтетін орындар: Ботаникалық бақ және “Атырау” көпіріне жақын аумақ

Күні: 9 мамыр, 22:00

 

👋Мерекелік концерт

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты концерт өтеді.

Өтетін орны: Қалалық алаң

Күні: 9 мамыр, 17:00

 

🗣“Qazaqstan Barysy Grand Slam” халықаралық дзюдо турнирі

Бұл дүбірлі додаға әлемнің 47 елінен 412 спортшы қатысады. Олардың қатарында Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері де бар.Өтетін орны: Жекпе-жек сарайы (Ж. Үшкемпіров атындағы), Қабанбай батыр даңғылы, 43

Күні: 9, 10 және 11 мамыр, 11:00 – 18:00

 

🌝«КЕРІСІНШЕ” көрмесі

Forte Kulanshi Art Space кеңістігінде өтетін “КЕРІСІНШЕ” атты көрме – екі түрлі мәдениет пен көркемдік көзқарастың тоғысқан тұсы. Қытай суретшісі Лу Лин мен қазақ график-суретшісі, QYZYLZHEBE лақап атымен танымал Ілияс Дәулбаев көрерменге ойлы, терең мағынаға толы диалог ұсынады.

Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1 КЕРІСІГЕ» көрмесі

Күні: 9, 10 және 11 мамыр, 10:00 — 20:00

 

 

ШЫМКЕНТ:

 

🔥Мерекелік гала-концерт

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты гала-концерт өтеді.

Орны: «Астана» алаңы

Күні: 9 мамыр, 20:00 – 23:00 

Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!