Қаржылай сауат: 2025 жылы кіріс пен шығысты қалай есептеу кажет?
💸 Қаржылай сауат бойынша кіріс пен шығысты есептеп отырудың маңызы жоғары.
1️⃣ Атап айтатын болсақ, біріншіден — қаржылай сауатыңызды тұрақты түрде бақылауға аласыз.
2️⃣ Екіншіден — қажетсіз шығындарды азайтасыз.
3️⃣ Үшіншіден — діттеген мақсаттарыңызға тез жете аласыз. Мәселен, саяхаттауға көңіл бөліп, ойыңызда жүрген бағалы затты алуға мүмкіндік туады.
💸 Ақшаны басқару әрі оны дұрыс бағытта жұмсау қиын емес. Мұны кез келген жастағы адам меңгере алады. Тек қарапайым әдісін үйреніп, нақты әрекетке көшсеңіз жеткілікті. Ал нәтижесін бір айдан кейін байқайсыз.
📌 Сонымен табыстар мен шығыстардың есебін күнделікті жүргізіп отыру үшін арнайы дәптер бастаңыз. Егер дәптер ыңғайсыз болса, электронды түрде жүргізуіңізге де болады. Мысалы, IOS AppStore және Android PlayMarket платформаларында кіріс пен шығысты есепке алу бойынша көптеген қосымша бар.
Ақшаны дұрыс басқару үшін табыс көзі мен шығыстарды дұрыс бөлуіміз керек.✔️
🟢 Кіріс
➕ Тұрақты түрде түсіп отыратын – жалақы, зейнетақы, шәкіртақы;
➕ Күтпеген жерден түсетін – сыйақы, бір рет берілетін табыстар;
🔴 Шығын
➖ Тұрақты шығын — яғни, азық-түлік, шаруашылық тауарларын сатып алу, коммуналдық қызметтерді, жолақы, оқу ақысын төлеу;
➖ Жеке кәсіпке немесе білімге арналған инвестиция. Мәселен, курсқа қатысу, тауарларды сатып алу, орынды жалға алу;
➖ Жоспарланған шығын немесе күтпеген жерден орын алған оқиғалар. Мысалы, көңіл көтеретін іс-шара шығындары немесе киімге кететін шығын;
➖ Ай сайын төленетін несие.
📌 Кесте дайын болғаннан кейін айлық табысыңыздың шығындарға жетіп-жетпейтінін байқай аласыз. Егер кіріс шығындарды жабуға жетпей жатса, қажеттіліктерімізді маңыздылығы мен жеделдігіне қарай ретпен тізіп жазамыз. Содан соң тізім бойынша ақшаны жұмсаймыз.
📌 Сонымен қатар күтпеген жағдайлар үшін ақша бөліп қойғанымыз жөн. Бұл қор күтпеген қиындықтар туындаған жағдайда үлкен көмегін тигізеді.
📌 Егер шығынға бөлінген қаражат артылып жатса, оны келесі айға қосуға, басқа маңызды бір қажеттілікті жабуға немесе арнайы қорға қосып қоюға болады.
📌 Ал қандай да бір бағалы зат немесе ақылы білім алғыңыз келсе, сол мақсаттарыңызға жету мерзімін белгілеңіз. Содан соң әрбір мақсатыңызға жету үшін айына қанша ақша жинай алатыныңызды бағалаңыз. Бұл жалпы табыстан барлық шығысты алғаннан кейін қалатын сома болуы тиіс.
🟢 Мақсаттарыңызға жету үшін жеткілікті соманы қандай мерзімде жинай алатыныңызды есептеңіз.
1. Қанша сома қажет екенін анықтау;
2. Мақсатқа жету мерзімін білу;
3. Белгілі бір соманы ай сайын жинау.