Қазақстан жерінде екі ғасыр айналыста болған ақшалар

Автор: редактор 20 сентября, 2023


Қазақстан жерінде екі ғасыр айналыста болған ақшалар

🖊 Біз алдыңға жазбаларда Отырар маңында түрлі теңгелердің жасалғанын айтқанбыз. Отырар — Қазақстан тұрғындары ғасырлар бойы пайдаланып келген ақшаның бүкіл тарихы көрсетілген ежелгі қала. Ол кезде әртүрлі ақшалар шығарылды. Сонымен қатар ақша реформасы да көп болды.

🖋Қазір Қытай юанын тек Алматыда ғана кездестіре аламыз. Бұл ретте Қазақстан аумағында алғаш рет Қытай монеталарын пайдалана бастағанын аңғаруға болады. Олар ушу деп аталады және археологтар оны Отырар алқабындағы Мардан обасынан тапты. Ал монеталар біздің дәуіріміздің кезеңіне жатады.

🖋Ұлы Жібек Жолында сауданың өркендеуіне байланысты, Қазақстан бөлігіндегі ақша айналысын Қытай камтамасыз етті. Ушу әрі ушуцянь деп атайтын монеталарын шығару Қытайда бірнеше әулет басқарған кезде жалғасып, біздің дәуіріміздің VI ғасырында ғана аяқталды. Осыдан кейін Оңтүстік Қазақстанның және Жетісудың қалаларында Қытайдың басқа кайюань тунбао (Қытайдың қазіргі замандағы валютасының атымен ұқсас) монеталарын пайдалана бастады. Бірақ сол уақытта, яғни VIII ғасырда қытайдың ақша монополиясын соғдылар бұзды.

Шығыс ираннан шыққан осы халық бүкіл Жібек Жолының бойымен сауда жасады.Түркі қағанына бағынышты Қазақстан аумағындағы қалалардың негізгі халқын құрады. Олар Қытайдан бастап Иранға дейінгі көптеген керуен сарайларды ұстады.

🖋Соғдылар алдымен ештеңесін өзгертпестен Қытай монеталарын соқты. Қазір осыны қарақшылық көшірмелер деп айтуға болады.
Содан соң оларда соғды тіліндегі жазулар мен пышақ түріндегі бұқар белгісі пайда бола бастады.
Қытай және соғды монеталарының көпшілігі Отырардың қалалық базарын қазу кезінде табылды.

🖋VII—VIII ғасырда, Еуропа қалаларында құлдырау басталғанда, Орта Сырдарияда — керісінше қалалар және сауда гүлдене бастады. Бұл қалалар өздерінің қола монеталарын соға бастады. Ал үлгі ретінде соғды монеталарын алды. Дегенмен қытайда шығарылған ақшаларды қайталамады. Мұны монеталардағы шаршы тесіктер растайды. Осы ақшалар тұтас бізде екі ғасыр бойы айналыста болды.