Бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтары

Автор: редактор 03 февраля, 2025


Баршаңызға сәлем, қымбатты оқырмандар!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

Қазақстанда 14-16 ақпан аралығында Kaspi Жұма өтеді

Kaspi.kz барша халыққа қуанышты жаңалығын жеткізді. Себебі 14, 15 және 16 ақпанда Kaspi Жұма мерекесі қайта өтпек. Сатып алушылар Kaspi.kz серіктестерінен тиімді бағаға, жеңілдікпен, бонус берілетін алуан түрлі тауар сатып ала алады.

Көктемгі келбетіңізді көркемдеп, көңіл күйіңізді көтеру үшін киім, әшекейлер мен аксессуарлар, иіссу, косметика сатып алыңыз!
Сондай-ақ күнделікті өмірдегі жайлылық үшін – тұрмыстық техника, электроника, үйге, автомобильге қажет тауарларды және басқа да жүз мыңдаған пайдалы тауарды ала-аласыз.

Мерекеге Adidas, ADILI, Alser, EuroMebel, EVRIKA, Казахювелир, Kari, KIMEX, Комфорт, Мечта, MonAmie, Nike, Pandora, RESPECT, Tommy Hilfiger, Calvin Klein, Diesel, Sman, Sulpak, Technodom, Zeta, 1Fit сияқты және тағы да басқа танымал брендтер мен дүкендер қайта қатысады.

Kaspi Жұма — бұл тек сатып алушылар үшін ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы көптеген шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін де мереке. Небәрі үш күннің ішінде көптеген кәсіпкерлер бір айлық мөлшерінде табыс тауып, бизнесін дамытады, жаңа жұмыс орындарын ашады.

Қапы қалмаңыздар!😍

Қаңтар ҰБТ-дан 150 талапкер 130 балдан жоғары балл жинады

Қаңтар айындағы ҰБТ-ның үш аптасында 126 мыңға жуық адам тест тапсырды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, шекті балды 72%-ға жуық талапкер жинады. Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 67 балды құрады. Ең жоғары балл – 138, оны Шымкент қаласының оқушысы жинады. 150 талапкер 130 балдан жоғары балл жинады.

Тестке қатысушылардың 78,7%-ы қазақ тілінде, 21,2%-ы орыс тілінде, 62 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Талапкерлердің басым бөлігі, 17,8%-ы «Биология-Химия» пәндер комбинациясын тапсырды. 17,2%-ы «Математика-Физика» және 10,4%-ы «Математика-Информатика» комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 149 адам тапсырған, — делінген мәліметте.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында қаңтар ҰБТ-сына 295 талапкер қатысты.

Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады, бұл жағдайда сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Қазіргі таңда 142 адамның нәтижесі жойылды. Оның ішінде 89 талапкер смартфон және шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, ал тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 53 адам шығарылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ, — деп қосты министрлік.

Ал 72%-ға жуығы шекті балл жинады👍

2025 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 20 286 084 адамды құрады

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Соның ішінде:
қала тұрғындары – 12 774 743
ауыл тұрғындары – 7 511 341

Былтыр жыл басынан бері халық саны 252 242 адамға өсті, оның ішінде табиғи өсім есебінен — 235 078 адамға, көші-қон есебінен 17 164 адамға. Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 6,91% бен 2,86%, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркелді – 2,80%, — делінген мәліметте.

Республикалық маңызы бар қалалардан басқа, бір миллионнан астам халқы бар облыстар – Түркістан (2,1 млн), Алматы (1,5 млн), Жамбыл (1,2 млн) және Қарағанды (1,1 млн).

Көбейе берейік!👏🏻

Қосымша құн салығы шегін төмендетуге қарсы петиция пайда болды

Ал сіз қолдайсыз ба?🤔

Көлігін 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынбайды — ІІМ

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл салынбайтынын мәлімдеді. Бұл мәселе Мәжілісте көтеріліп, депутаттар тиісті нормаларға нақты түсініктеме беруді талап етті.

Депутат Нартай Сәрсенбаев солтүстік өңірлерде қыста көлікті 5 минут ішінде қыздыру мүмкін еместігін атап өтті. “Қызбаған көлікті от алдырып, бірден жүргізсек, оның бұзылу қаупі жоғары. Ал жөндеуге кететін шығын халықтың қалтасынан шығады”, – деді ол.

Вице-министр бұл талаптың көлікті қыздыруға емес, тұрақтағы немесе аялдамадағы автокөліктерге қатысты екенін түсіндірді.

“Көлікті 5 минуттан артық қыздыруға болмайды деген талап жоқ. Мұнда әңгіме тоқтау және автотұрақ ережелері туралы. Егер көлік елді мекенде ұзақ уақыт бойы оталып тұрса және тұрғындарға қолайсыздық тудырса, шағым түскен жағдайда ғана шара қолданылады. Өткен жылы осындай үш шағым түсті, оның бірін прокуратура жойды”, – деді Лепеха.

Оның айтуынша, бұл мәселе қоғамда дақпырт тудырғанымен, шын мәнінде ойдан шығарылған.

“Көлікті қыздырғаны үшін ешқандай айыппұл қарастырылмаған. Бірақ, егер көлік 10-15 минут бойы тұрақта тұрып, кептеліс тудырса, әсіресе сауда үйлері мен магистральдар маңында, бұл мәселені қарастыру қажет. Біз депутаттармен бірге ұсыныстарды талқылауға дайынбыз”, – деп қорытындылады вице-министр.

Көлігіңізді неше минут қыздырып жүрсіз?😶