Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍
Қазақстанда жол ережесін бірнеше мәрте бұзған такси жүргізушілері жұмысын тоқтатуы мүмкін
Елімізде такси жүргізушілеріне қойылатын талаптар қатаңдатылуы мүмкін. Бұл туралы Информбюро агенттігі мәлімдеді. Бас прокуратура жеке көлігімен жолаушы таситын жүргізушілер үшін бірыңғай цифрлық тізім құруды ұсынып отыр. Егер олар жол ережесін бірнеше рет бұзса, тізімнен шығарылып, қызметін тоқтатуға мәжбүр болады.
Сонымен қатар, жүргізушілер жұмысқа кіріспес бұрын міндетті медициналық тексерістен өтуі және көліктерін жылына кемінде екі рет техникалық бақылаудан өткізуі қажет. Бұған қоса, алғашқы медициналық көмек құралдарының болуы талап етіледі.
Алайда, бұл ұсынысқа такси жүргізушілері қарсы. Олар қосымша тексерістер жұмыстарына кедергі келтіріп, табыс табуды қиындатады деп есептейді. Қоғам белсенділері де мәселені жан-жақты қарастыру қажет екенін айтып, мұндай қатаң шаралар такси қызметінің бағасын көтеруі мүмкін деп дабыл қағуда.
Көлік министрлігі бұл бастаманы қолдағанымен, барлық тасымал қызметін бақылау мүмкін емес екенін алға тартады.
Мәссаған! Абай болыңыздар📌
Енді запастағы әскери қызметшілерге жалақы төленеді
Қазақстанда әскери резерв қызметіне жаңа өзгерістер енгізілді
Қазақстанда әскери резервке қабылдану үшін мерзімді әскери қызметтен өту немесе әскери кафедрада оқу міндетті. Бұл талаптар әскери резерв қызметіне қатысты заңға енгізілген өзгерістерде қарастырылған.
🔹 Резервистерге қойылатын негізгі талаптар:
• Жеке, моральдық және кәсіби қасиеттердің, сондай-ақ тиісті білім деңгейінің болуы;
• Жас шектеуі: қатардағы жауынгерлер мен сержанттар үшін – 18-47 жас, офицерлер үшін – 57 жасқа дейін;
• Әскери қызметтен өткен немесе әскери кафедрада оқыған болуы.
🔹 Әскери резервистерге төленетін төлемдер:
• Жұмыссыз резервистерге – ең төменгі жалақы мөлшерінде төлем;
• Жұмыс істейтіндерге – қызмет орнындағы орташа айлық жалақы сақталады.
🔹 Резервтегі қызмет тәртібі:
• Келісімшарт ерікті түрде 3 жылға жасалады;
• Жылына 60 күннен аспайтын оқу-жаттығулар өткізіледі;
• Ай сайын 3 күнге дейінгі сабақтар қарастырылған.
🔹 Әлеуметтік кепілдіктер:
• Медициналық қызмет көрсету және тамақпен қамту толық көлемде жүзеге асырылады;
• Жарақат алған жағдайда бір реттік өтемақы төленеді;
• Оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан жағдайда мұрагерлеріне 500 АЕК (1 966 000 теңге) көлемінде өтемақы беріледі.
Алайда резервистерге тұрғын үй және тұрғын үй төлемдері қарастырылмаған. Барлық шығындар мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.
Жақсы мүмкіндіктер ұсынылып жатыр екен🔥
Елімізде “ең бай адамдардың” табысына салынатын салық 30-50 пайызға дейін жетуі мүмкін
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәжілісте ең бай адамдардың табысына салық салу жөніндегі соңғы ұсыныстарды таныстырды.
Мәжілістегі қосылған құн салығына арналған отырыста депутат Марат Башимов ауқатты азаматтарға қандай салық салынатынын сұрап, салық мөлшерлемесін 50%-ға дейін көтеру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Азамат Әмриннің айтуынша, қазіргі уақытта салық заңнамасына жалақыға үдемелі салық мөлшерлемесін енгізу ұсынылуда. Сонымен қатар, жұмыс тобында дивидендтерге де үдемелі салық жүйесін қолдану туралы бастама көтерілген.
🔹 Ұсынылған өзгерістер:
• Қазіргі жүйеге сәйкес, 100 млн теңгеге дейінгі дивидендтер салықтан босатылады, ал одан жоғары сомаға 10% салық салынады.
• Жаңа ұсыныстар бойынша, бұл мөлшерлеме 30-50%-ға дейін өсуі мүмкін.
Барлық ұсыныстар үкіметтің қорытынды құжатына енгізілгеннен кейін, олар кеңінен талқыланатын болады.
Бұған не дейді екен?🤔
“Декреттік төлемді” әдейі көбейткен аналарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы мүмкін
Әлеуметтік төлемдерді заңсыз көбейткендер мемлекетке миллиардтар қайтарды
2024 жылы 1,4 млн қазақстандыққа 958 млрд теңге әлеуметтік төлем төленді. Алайда кейбір азаматтар заңнамалық олқылықтарды пайдаланып, төлемдерді қолдан арттыруға тырысқан. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.
🔹 Негізгі мәселелер:
• Жүктілік пен босануға қатысты төлемдерге шектеу болмағандықтан, кейбір азаматтар табысын жасанды түрде өсіріп, заңсыз схемалар қолданған.
• 113 әйелдің заңсыз алған төлем сомасы – 158,4 млн теңге.
• 1,5 мыңға жуық адам өз еркімен заңсыз алған 3,4 млрд теңгені мемлекетке қайтарған.
Министрлік бұл мәселені шешу үшін заңнамалық өзгерістер дайындап жатыр. Реформалар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Қазақстанда өте бай адамдардың табысына салық салу ұсынысы талқылануда
Декретке миллионмен шығу қиындай түспек‼️