Бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтары

Автор: редактор 31 марта, 2025


Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

Декретке миллионмен” шығу жүйесі жойылады: Еңбек министрлігі жаңа ережелерді бекітті

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүктілік пен босануға, сондай-ақ 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төлемдерді есептеу тәртібін өзгертті. Бұл туралы “Курсив” басылымы мәлімдеді.

Мұндай өзгерістер “декретке миллионмен” шығу тәсілінің кең таралуына байланысты енгізіліп отыр. Яғни кейбір азаматтар көбірек төлем алу үшін табысын жасанды түрде арттырып отырған. Жаңа ереже 8 сәуірден бастап күшіне енеді.

Негізгі өзгерістер:

1️⃣ Бала күтімі бойынша біржолғы төлем (декреттік төлем):

Бұрын әйел бірнеше жерде жұмыс істесе (мысалы, екі жұмысы және жеке кәсіпкерлігі болса), әрқайсысынан ең жоғары мөлшерде төлем алу мүмкіндігі бар еді. Енді жалпы төлем сомасы 2 249 100 теңгеден аспайды.

Бұл шектеу табысты есептеу әдісіне байланысты енгізілді: енді жалақы 7 ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшеріне дейін ғана ескеріледі. 2025 жылы бұл шек – айына 595 000 теңге. Егер азаматтың табысы бұдан жоғары болса немесе бірнеше жұмысы болса да, бәрібір ең көбі 595 000 теңге ретінде есептеледі.

2️⃣ 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне ай сайынғы төлемдер:

Бұрын кейбір аналар декреттік демалысқа шыққаннан кейін әлеуметтік аударымдарын жалғастырып, төлем мөлшерін арттыру мүмкіндігін пайдаланатын. Жаңа ереже бойынша, мұндай қосымша аударымдар есепке алынбайды.

Бұл өзгерістер әлеуметтік төлемдерді әділ есептеуге және бюджет қаражатын тиімді бөлуге бағытталған.

Мәссаған😯

Қазақстанда пайызсыз несие беру жүйесі енгізілуі мүмкін

Елімізде Ислам қаржыландыру жүйесін дамыту мақсатында жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Сенат отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов мәлімдеді.

Жоба аясында Қазақстандағы банктерге “Ислам терезелері” жүйесін енгізу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл тәсіл қаржы ұйымдарына дәстүрлі пайыздық жүйемен қатар, шариғат талаптарына сай пайызсыз несие беруге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта елде екі Ислам банкі жұмыс істейді, бірақ олардың үлесі қаржы секторының небәрі 0,4%-ын құрайды. Бұл көрсеткішті арттыру үшін халықаралық тәжірибе негізінде жаңа заң жобасы дайындалуда.

“Көптеген мұсылман елдерінде Ислам банктері дәстүрлі қаржы жүйесімен қатар жұмыс істейді. Қазақстанда да осы жүйені енгізу жоспарланып отыр. Бұл бастама халыққа қаржылық қызметтерді балама негізде ұсынуға мүмкіндік береді”, – деді Әбдірахманов.

Жаңа заң жобасы 2025 жылдың тамыз айында Парламент қарауына ұсынылады. Бұл қадам Қазақстандағы қаржылық инфрақұрылымды кеңейтіп, халықтың әртүрлі топтарына қаржы құралдарын қолжетімді етуді көздейді. Сондай-ақ, бұл реформа елге халықаралық исламдық қаржы институттарын тартуға ықпал етуі мүмкін.

Қазіргі таңда Ислам банктері Қазақстан экономикасына 12 млрд теңге инвестиция салған.

Жақсы бастама болар еді👍

890 573 теңге: Қазақстанда сақтандыру және қаржы саласындағы қызметкерлері ең жоғары жалақы алатыны анықталды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы жалдамалы қызметкерлердің жалақысы туралы мәліметтерді жариялады. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар да есепке алынды.

2024 жылдың IV тоқсанында ең жоғары жалақы, яғни 890 573 теңгенісақтандыру және қаржы саласындағы қызметкерлердеболды.
Тау-кен байыту өнеркәсібі және карьер қызметкерлері856 521 теңге алған.
Өнеркәсіп саласындағыорташа жалақы өткен жылдың соңында 545 797 теңгеніқұрады.
Ақпарат және байланыс саласындажұмыс істейтіндер 809 564 теңге алған.
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызметсаласында 614 101 теңге.
Көлік және қоймалау саласында қызметкерлер532 752 теңгежалақы алған.
Ең төмен жалақыны ауыл шаруашылығы, балық аулау және орман шаруашылығысаласының қызметкерлері  -270 082 теңге; су жеделдету, су бұру, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою бойыншажұмыс істейтіндер — 274 994 теңге. Сонымен қатар өнер, көңіл көтеру және демалыс саласында291 282 теңге болды.
Қазақстанның қалаларында және облыстарында ең жоғары орташа айлық жалақы шағын кәсіпорындар ескеріле отырып, Атырау облысында(593 653 теңге), Ұлытау облысында(582 943 теңге), Маңғыстау облысында(564 014 теңге), Астана(548 579 теңге) және Алматы (533 365 теңге) қалаларында тіркелген.
Орташа айлық номиналды жалақы бір қызметкердің жалақысын есептеу үшін есептеледі, ол үшін төленген жалақы сомасы нақты қызметкерлер санына және есептік кезеңдегі айлар санына бөлінеді, — деп түсіндірді Ұлттық статистика бюросы.

Ең жоғары және ең төмен жалақы алатын маман иелері белгілі болыпты📌

Қазақстанда автосақтандыру ережесі өзгереді

2025 жылдың 7 сәуірінен бастап Қазақстанда міндетті автосақтандыру тарифтері өзгермек. Жаңа жүйеге сәйкес, енді сақтандыру құнына жол-көлік оқиғаларынан (ЖКО) бөлек, жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) бұзу фактілері де әсер етеді.

Негізгі өзгерістер:

• Бұрын жүргізушінің сақтандыру класы тек оның кінәсінен болған апаттар үшін төмендейтін.
• Енді A, M1 және M2 атты үш жаңа төменгі класс енгізіледі, олардың коэффициенті 3,5-ке дейін артуы мүмкін.
• Егер жүргізуші сақтандыру мерзімі ішінде үш немесе одан да көп рет:
• жылдамдықты 40 км/сағ және одан көп асырып,
• қарсы жолаққа шығып,
• апатты жағдай туындатса,
онда сақтандыру құны айыппұлдары жоқ жүргізушілерге қарағанда едәуір қымбаттайды.

Кімге сақтандыру арзандайды?

Егер жүргізуші соңғы бес жылда жол апатына ұшырамаған болса, сақтандыру құны төмендейді.

Ескере жүріңіз!‼️