Бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтары

Автор: редактор 13 января, 2025


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз!✔️

2025 жылы 1 қыркүйектен бастап студенттер стипендиясының мөлшері 52 мың теңгеден асады

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап:

бакалавриат – 52 372 теңгеге дейін;
педагогика және медициналық бағытында білім алушыларға – 84 000 теңгеге дейін;
магистранттарға – 117 098 теңгеге;
докторанттарға – 262 500 теңгеге дейін өседі

Емтихан сессиясын «өте жақсы» тапсырған жағдайда жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталады. Стипендия алудың төменгі шегі – 70 балл болса, жоғары шәкіртақы алу үшін семестр бойынша қорытынды баға – 90 баллдан жоғары болуы қажет.

Сонымен қатар магистранттар мен докторанттар стипендиясы қанша болатыны белгілі болды💸

Елімізде кәсіби суретшілерге арналған байқауға өтінімдер қабылдау жүріп жатыр

Елімізде кәсіби суретшілерге арналған «Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» республикалық шығармашылық байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда.

Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған байқау ұлттық құндылықтар мен мәдени нысандарды дәріптеуге, отандық суретшілердің шығармашылығын қолдауға және қоғамдағы патриоттық рух пен ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған.
Егер сіз кәсіби суретші болсаңыз және ұлттық мәдени құндылықтар тақырыбында пейзаж, натюрморт немесе сюжеттік картиналар жанрында туындылар жасасаңыз – мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! – делінген министрлік мәліметінде.

Өтінімдерді қабылдау:
2025 жылдың 24 ақпанына дейін жалғасады.
Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмірлері:
8 (7172) 919 035, 919 036 (ішкі: 366, 643).
Байқау туралы толық ақпарат және ережесі:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/762550?lang=ru

Бақ сынап көріңіз!😍

Елордалық оқушы әлемдік олимпиадада алтын медаль жеңіп алды

Елордалық оқушы Кәрім Дүйсеков дүниежүзілік олимпиаданың ең кішкентай қатысушысы болып, Natural Science санатында өзгелерінен үздік атанды.

Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 4-8 сынып оқушылары қатысты. Олар өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсете отырып, ғылыми тапсырмаларды шешуде жарысты. Қазақстаннан барған талантты оқушы Кәрім Дүйсекова үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды иеленді.

Бұл жеңіс Қазақстан үшін маңызды жетістік. Сонымен қатар педагогтардың табандылығы мен қолдауы арқасында халықаралық жетістікке жетуге болатынын жарқын үлгісін көрсетті.

Құтты болсын!🔥

Қазақстанда 296 кәсіпорынның жұмысшылары алдындағы қарызы 4,5 млрд теңгені құрады

2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 296 кәсіпорны 18,8 мың жұмыскерге 4,5 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 251 ұйғарым берілді және 51 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

«Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 17,7 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3,7 млрд теңге төленді», делінеді министрлік хабарламасында.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.
2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 577 тексеру жүргізді, оның барысында 8 122 бұзушылық анықталды, оның ішінде:

* еңбек саласында – 6 219;
* еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 835;
* халықты жұмыспен қамту бойынша – 68.

Жұмыс берушілерге 3 326 ұйғарым беріліп, 408,5 млн теңге сомасына 3 548 әкімшілік айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 36,4 мыңнан аса жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Мәссаған, тексеру барысында 8,1 мың еңбек құқығының бұзылуы анықталыпты😮