Демалыс күндері қайда баруға болады?(2,3 қазан)

Автор: редактор 02 ноября, 2024


Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана  қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласыз. 

 

АЛМАТЫ:

 

😁«Өмір ағымы: су және оның құны» ұжымдық көрмесі

Көрме Орталық Азиядағы су мәселесін зерттеп, адамның сумен байланысын, мүмкін болатын дағдарысты және қалпына келтіру жолдарын қозғайды. Өнер иелері түрлі техникада орындалған инсталляцияларды бірнеше жерде ұсынады, бұл су ресурстары туралы үздіксіз диалогтың маңызын ерекше көрсетеді.

Орны: Бәрібаев 36-дағы үй, Бәрібаев көшесі, 36

Күні: 2 және 3 қараша, 09:00 – 21:00

 

☺️Magic Market жәрмеңкесі

Сіздерді түрлі шеберлік сабағы, бал ашу және шегелерге тұру аймағы, шай мен какао рәсімдері, арт-терапия, эзотерикалық тауарлар дүкендері, жанды музыка және тағы басқа қызықты шаралар күтеді.

Орны: Бәрібаев 36-дағы үй, Бәрібаев көшесі, 36

Күні: 2 қараша, 09:00 – 21:00

 

😙Люба Гуменюктің «Жеке миф» көрмесі

Қарағандылық суретші өз жұмыстарында балалық шақтың суреттеріне жүгініп, оларды мифологиялық мәтіндермен, христиандық мотивтермен және грек философиясымен үйлестіреді. Бұл жоба көрермен үшін өз-өзімен ашық та шынайы диалогқа айналмақ.

Орналасқан жері: 101 Dump галереясы, Панфилов көшесі, 101

Күні: 2 және 3 қараша, 14:00-22:00

 

🥳«Қайта өрлеу» заманауи өнер көрмесі

Көрме трансформация, жаңару, ішкі және сыртқы шекараларды еңсеру сынды тақырыптарды зерттейтін авторлардың жұмысын біріктіреді. Негізгі назарда — жеке және ұжымдық жаңғыру идеялары, пішіндер мен мағыналардың метаморфозалары, сондай-ақ өзгеру үдерісіндегі өткен мен болашақтың өзара әрекеттесуі. 

Орналасқан жері: Esentai Mall, Әл-Фараби даңғылы 77.8

Күні: 2 және 3 қараша, 10:00 – 22:00

 

🤩Barry Kudaiberdy – Surekeh жеке көрмесі

Көрме екі кезеңнен тұрады. Онда автор түрлі техника арқылы өнер образдарының циклін жасайды. Бірінші кезеңге кез келген адам қатыса алады. Мұнда әрқайсы қабырғаға керамиканы сындырып, өз сезімдерін білдіруге және әр сәтті ерекше атап өтуге мүмкіндік алады. Екінші кезеңде автор бір ай бойы сынған керамика сынықтарынан мүсін жасап, бұл процесті шығармашылық трансформацияға айналдырады.

Орны: Бәрібаев 36-дағы үй, Бәрібаев көшесі, 36

Күні: 2 және 3 қараша, 09:00 – 21:00

 

🤝«Kokomba» көрмесі

Бұл — Ambujerba мен Kokonja есімді екі суретшінің бірлескен жобасы. Олардың жұмысы ішкі және сыртқы, нақты және абстрактылы ұғымдардың қиылысында кездеседі. Әр туынды — органикалық пішіндер шындықпен және түрлі сезім бөлшектерімен тоғысатын зерттеу іспетті.

Орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі. 79

Күні: 2 және 3 қараша, 12:00-20:00  

 

🔥»Сезімтал адам» көрмесі

Суретшілер Айдана Құлахметова мен Ксения Казейкина абстрактілі экспрессионизм стилін қолдана отырып, балалық шақтың естеліктеріне жүгінеді. Мұндағы әр туынды көрерменді түрлі сезімдер әлеміне жетелейді. Сіз де сезіне аласыз деген үміттеміз!

Орны: Орталық көрме залы, Желтоқсан көшесі, 137

Күні: 2 және 3 қараша, 10:00 – 19:00

 

 

АСТАНА:

 

😻«SHE RUG» көрмесі

Көрме қазақ кілемі мен қазақтың заманауи тоқыма өнерінің интерпретациясына арналған.

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 2 және 3 қараша, 10:00 — 20:00

 

 

Естеріңізге сала кетейік, әр жұма сайын біздің арнада өткізілетін викторинада Қазақстанның кез келген қаласынан кез келген фильмге тегін билеттер ұтып алуға болады. Сонымен қатар ең көп пікір қалдырған үш белсенді оқырманға айына бір мәрте киноға тегін билет табыстаймыз. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін! Баршаңызға сәттілік!